Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынатыны туралы айтты.
Министр атап өткендей, биыл индустриаландырудың жол картасы шеңберінде сомасы 1,93 трлн теңгеге 112 жобаны іске қосу жоспарланған. 13,5 мың жұмыс орындары ашылады.
Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтарында 107% болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысында осы жылдың алғашқы айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 2020 жылдың осы айымен салыстырғанда 109,4%. Республика бойынша барлығы 6 810 баспана пайдалануға берілді. Былтырмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 16 өңірде артты. Тең Маңғыстау облысында тиісті көрсеткіш 67,6%-ды құрады, — деді ол.
Министр Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді, — дейді министр.
Құрылыс материалдарының нарығына 24 позиция бойынша талдау жүргізілді.
Бүгінгі күні отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтық қажеттілігін толығымен өтей алады. 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50%-ды қамтамасыз етеді, — деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов Үкіметте.
Министрлік әкімдіктермен бірлесіп импортты алмастыра отырып, жетіспейтін тауарларды толықтыру бойынша перспективалық жобаларды жасап жатыр.