«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАС МҮСІНДЕР — ТАРИХ ТӘБӘРІГІ

ӨТКЕНІМІЗДЕН СЫР ШЕРТІП, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНА АЙНАЛҒАН ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘДІГЕРЛЕР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕР – ТАМЫРЫН ТЕРЕҢНЕН ТАРТАТЫН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ КУӘСІ. АЛ ОЛАРДЫ СОЛ ҚАЛПЫНДА САҚТАП, СЫНЫ МЕН СЫРЫН ЖОҒАЛТПАЙ КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА АМАНАТТАУ — БІЗГЕ МІНДЕТ. ТАРИХТАН ТӘБӘРІК БОЛАР МӘДЕНИ МҰРАЛАР МҰҒАЛЖАР ТОПЫРАҒЫНДА ДА ЖЕТЕРЛІК. ЕНДЕШЕ, БҮГІНГІ МАҚАЛАМЫЗ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛЫНЫҢ КУӘСІ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР ТУРАЛЫ БОЛМАҚ.

45 ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІМГЕ ЕНГЕН

Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандарының берген мәліметінше, бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша 83 тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Оның ішінде, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгені — 45. Мемлекеттік тізімге енген жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінде 35-і археологиялық, 5-еуі киелі объектіге, 3- еуі монументтік өнер құрылысына, 2-еуі қала құрылысы және сәулеткежатады. Ал жергіліктімаңызы бар 38 ескерткіштің 32-сі монументтік өнер құрылысына, 5- еуі қала құрылысы және сәулетінің, 1-еуі археологиялық ескерткіштердің тізіміне енеді.

Аудан аумағындағы тарихимәдени ескерткіштердің аудан тарихында алатын орны ерекше. Ескерткіштер – ұлттық тарихы — мызбенмәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды. Сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де маңызы зор. Ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз. Тарихи ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, өмірден өткен тұлғалардың өмірінен үлгі-өнеге беру осы салаға жауапты біз секілді мамандардың алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі, — деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас шысы Сәуле Хамзина.

Оның сөзінше, осы жылдың басында аудан бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің жәйкүйін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескерткіштердің ақау актісі жасақталған. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабы негізінде, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Ж.Батырханның «Облыс аумағындағы ескерткіштердің жай-күйі бойынша атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары» негізінде, «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін теңгерімге алу туралы» аудан әкімі Д.Ермағанбетовтың 26.09.2024 жылғы №315 қаулысына сәйкес жоғарыда аталған мемлекеттік тізімге енген тарихи мәдени мұра объекті лерінің 44-і қала және округ әкімдіктерінің теңгеріміне берілген.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Құмсай ауылдық округі Құмсай ауылынан солтүстікке қарай 13 шақырым жерде орналасқан «Көк мешіт және медресе үйі» киелі объектісі Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының теңгеріміне берілді. Сонымен бірге Батпақкөл ауылдық округі Қожасай ауылынан солтүстік шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан «Молдағазының көк мешіті» тарихи объектісі Бәдір Нұғманов атты жеке меншік иесінің атына тіркелді, — деді Сәуле Абдуллақызы.

КИЕЛІ БЕС МЕКЕН

Ал «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына аудан бойынша 5 киелі жер енген. Олар — Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтер, Көк мешіт, Көтібар батыр кесенесі, Қарағұл тамы, Жәлімбет кесенесі. Осы аталғандардың ішінде ең көне ескерткіш — Төлеубұлақ үңгірі. Бұл үңгір Егіндібұлақ ауылдық округі аумағындағы Төлеубұлақ қыстағынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтер Қазақстан-Ресей бірлескен халықаралық экспедициясының 2000 жылы Мұғалжар ауданы аумағындағы тас дәуірінің қоныстарын зерттеу кезінде анықталып, ғылыми айналымға енгізілді. Аталған Халықаралық экспедицияда жетекші Ресей ғылым академиясының академигі, т.ғ.д. археолгА.Деревянко, профессорлар В.Петрин мен Ж.Таймағанбетов және т.б. археологғалымдар болды. Сонымен қатар мұнда 2006 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының маманы, археолог т.ғ.к, З.Самочев одан әрі зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Төлеубұлақ үңгірінде бұдан 10 мың жыл шамасы бұрын тас дәуірінің адамдары мекендеген. Үңгірдің еденіне тереңдігі 5 см, диаметрі 15-25 см көлемінде суреттер ойылып салынған. Бұл жердегі шағын үңгірлердегі петроглифтерден тұяққа немесе саңырауқұлаққа ұқсас пішіндер, антрономорфтар, сонымен қатар терең ойып жасалған сызықтар кездеседі. Жоғарыда аталған символдардың ең алғашқылары мезолит, тіпті палеолит кезеңінде, неолит кезеңінен әрі уақытта пайда болған деген пікір бар. Кешен Қазақстандағы тас дәуірінен қалған ең көне археологиялық ескерткіш болып табылады. Киелі жердің екіншісі — Ор ауылы маңындағы мешіт кешені ел аузында «Көк мешіт» аталады. Бұл — мешіт, медресе, ғибадат үйі, сондай-ақ тұрғын үй мен имамның үйінен тұратын кешен. Ор өзенінің жағалауындағы тегіс, кең алаңға салынған. Мешіт — бір қабатты, ұзынша ғимарат. Ғибадат залының өлшемдері — 8,20 х 15,30 метр. Жалпы, ғимараттан он терезе мен алты есік ойықтары анықталған. Кезінде мешіттің ішкі қабырғалары көк бояумен сырланған, оның «Көк мешіт» атанып кетуінің бір себебі осында болса керек. Медресе мешіттен солтүстікке қарай жүргенде, 40-50 метр қашықтықта орналасқан. Бұл ғимараттың өлшемдері — 6,55 х 16,40 метр. Бірінен кіріп, келе-сісіне өтетін екі бөлмесі бар. Кеңес үкіметі кезінде қиратылған мешіт бүгінде қалпына келтірілді.

Ақкемер ауылдық округі аумағында орналасқан Көтібар Бәсенұлының кесенесі 2000 жылы Әділғали Баяндиннің жобасы бойынша салынған. Кесене Ақкемер ауылдық округі аумағында, Ақкемер ауылынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан. Маңғыстаудан әкелінген ұлутастан салынған. Биіктігі — 12 метр. Кесене жанындағы құлпытасқа Көтібар батыр мен қарулас болған тұлғалардың есімдері жазылған.

Көтібар Бәсенұлы — Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысқан, қол бастаған батырлардың бірі. Кейінгі ұрпақтары да оның күресін жалғастырған. Мысалы, баласы Есет Көтібарұлы 1848-1858 жылдар аралығында Ресей отаршылдығына қарсы көтерілістің басшысы болды.

Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан Қарағұл тамы 1984 жылы Серік Әжіғалиев жетекшілік еткен экспедиция кезінде есепке алынған. Мавзолей — күмбезді, сегізқырлы, күйдірілген және шикі кірпіш араластырыла отырып, өріле тұрғызылған ғимарат. Кесене ХІХ ғасырдың аяғында салынған. Биіктігі — 6, 70 метр, сыртқы қырларының арақашықтығы — 7,70 метр. Мавзолейге кірер есіктің жанында терезе бар. 2007-2009 жылдары кесенеде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Батпақкөл ауылдық округі Жағабұлақ ауылынан шығыс-солтүстікке қарай 10 шақырым қашықтықта орналасқан Жәлімбет кесенесі де 1984 жылы С.Әжіғалиев жетекшілік еткен экспедиция кезінде тізімге алынған. Бірақ ескерткішті алғаш ХІХ ғасырда француз зерттеушісі И. Кастанье, одан кейін ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында Т.Бәсенов анықтаған. Жәлімбет батыр — Көтібар Бәсенұлының замандасы, сол тұста ел қорғау мақсатындағы жорықтарға белсене қатысқан батырлардың бірі деседі. Жұрт оны «Жалды Жәлімбет» атап кеткен. Жәлімбет батыр кесенесі төртбұрышты етіп салынған, құрылысқа күйдірілген, шикі кірпіш аралас қолданылған. Есігі арка түрінде салынған. Кей тұстарында ою-өрнектер, өсімдіктер суреттерінің іздері сақталып қалған. Күмбезі де жарына жалғас өріліп, кірпіштен қаланған. Күмбезі құлап, беріге дейін кесене 6 метр биіктікте сақталды. Кесене өлшемдері — 9,70 х 9,70 метр. Ол Жаңажол ауылынан шығыссолтүстікке қарай 10 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұдан да өзге мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи ескерткіштер жетерлік . Біз ең маңыздысын атағанды жөн көрдік.

ҚОРЫМДАР — ТАРИХ БЕДЕРІ

Мемлекеттік тізімге енген 45 ескерткіштің 35-і археологиялық объектілерге кіреді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандары археологиялық ескерткіштерге қоныстар, жерлеу орындары, адамдардың іс-әрекетіне, шаруашылығына қатысты жерлер жататынын айтады. Олардың сөзінше, аудан аумағында археологиялық ескерткіштерге кіретін жерлердің қатары көп. Айталық, Егіндібұлақ ауылдық округінің аумағында біздің заманымызға дейінгі VІІ-ІІІ ғасырларға жататын Бала Талдық бейіті бар. Ол округ аумағындағы Талдық метеостанциясынан сол-түстік шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде бейіт-тің айналасы құлап, тастарышашылыпқалған. Ал Қайыңды ауылында қола дәуіріне және неолит дәуіріне жататын бейіт орындары бар. Қола дәуіріне жататын Қайыңды-І бейітінің орыны сақталмаған. Ал неолит дәуірі саналатын Қайыңды-ІІ тұрағының және Жіңішке, Қиянит қорғандарының орындарында тастар ғана қалған.

Қаракөл ауылының шығысында 11 шақырым жерде орналасқан Қосбұлақ-І бейіті бүгінде жерменжексен болған. Осы ауылдың шығысында 13 шақырым жердегі Қосбұлақ-ІІ қорымына 2023 жылы археологиялық зерттеулер жүргі-зілген. Зерттеу жұмыстарын «Архиологиялық зерттеулер » ЖШС- нің отряды бастады. З е ртт еу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша С.Гуцаловтың далалық зерттеулер жөніндегі есебі қаралды. Ескерткішті 1991 жылы тамызда ҚазКСР Ғылым Академиясының қаражаты есебінен жұмыс істеген археологиялық жасақ ашты. Мұрағат деректері бойынша ескерткіш Михайловка ауылынан шығысқа қарай 11 шақырым жерде табылған. Соңғы табылған қорғанның табанының айналасында сақиналы арық бар. Қорған арықтарынан түрлі өлшемдегі үйінділер де байқалады. Тізбектің ортасында орналасқан қорғандардың үйінділерінде тас тақталар кө-рінеді. Қорғаннан оңтүстікке қарай 30 м-де З-В осі бойынша 7 (0,2х10 м), 8 (0,2х10 м) және оңтүстікке қарай алшақтығы бар жер білігімен (биіктігі 0,15 м) қоршалған ендік бағдарланған тікбұрышты құрылыстар жатыр. Бұдан басқа «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ-нің мұрағаттық материалдары зерделенді. Онда тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бойынша паспорттар мен есепке алу карточкалары сақталған. Зертт еушілер 1994 жылы С.Гуцаловжасаған паспортпен таны — сып, екінші бағыт бойынша ескерткіштің ғарыштық суреттер бойынша орналасқан жерін тексерді, — деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Мейрамгүл Қонысбайқызы.

Қаракөл ауылында ерте темір дәуіріне жататын археологиялық объектінің тағыбірі — Орқаш-Ібейіті. Ол ауылдың шығысына қарай 5,5 шақырым жерде орналасқан. Қорымға археологиялық зерттеулер 2023 жылдың күз айларында жүргізіліпті.

Уркач-I қорымы алғаш рет 1991 жылы тамызда Ор және Жем өзендерінің бастауында С.Гуцаловтың басшылығымен археологиялық отрядпен тіркелді. 1992 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы арқылы Қ.Жұбановтың 11 қорымы қазылды. Ескерткіш Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қаракөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5,6 км жерде орналасқан. Ол су бөлетін Үстірттің басында салынған 40-қа жуық жерлеуеске алу нысандарынан тұрады. Қорым нысандары топографиялық жағынан бір-бірімен байланысты, бірақ нақты бөлінген үш топқа бөлінеді: Орталық, Батыс және Оңтүстік. Нысандардың негізгі бөлігі орталық топты құрайды. Жоспарда осы топтың қорғандары мен қасиетті орындары солтүстіктен оңтүстікбатысқа қарай 1,0 шақырымнан астам жерге созылып жатқан тізбекті құрайды. Құм-қиыршық тас және саз балшықтары, тас қабір құрылымдары сияқты, үлкен үйінділері бар қорғандарға тән. Қабір шұңқырының айналасында тас пен қоршау бар. Жерлеу құралдары да өте алуан түрлі. Нысандардан темір қылыштар, қола жебе ұштары, айналар, саз ыдыстар және т.б. анықталды. Осындай құнды деректердің табылуына байланысты Уркач-I қорымын Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Оралдың ірі қорымдарының бірі санатынажатқызуғаболады, — деді ол.

Оның сөзінше, аудан аумағында Леваневский, Шилісай, Тоқатөбе бейіттері, Тойман қорғаны секілді тарихы терең археологиялық орындар жетерлік. Бұл орындарды зерттеу келер күннің еншісінде…

БАТЫРЛАРҒА – ТАҒЗЫМ

Жоғарыда аты аталған ескерткіштер көнеден сыр шертсе, ендігі біз сөз етенін ескерткіштер патшалық және Кеңес үкіметі кезінде салынғандар. Атап айтатын болсақ, Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңісті жақындатқан батырлардың құрметіне қойылған. Сол уақытта ескерткіштер көп қойылған ауылдың көшін Жұрын ауылы бастайды. Бұл ауылдағы ескерткіштердің ең көнесі — «Борцам за власть Советов в Казахстане 8 мая 1919 года» белгісі бар азамат соғысының батырларына қойылған ескерткіш. Бұл ескерткіш жөндеуді қажет етеді. Ауылдағы батырлар — дың құрметіне С.Батпенов көшесі бойында орналасқан орталықсаябақтабірнешеескерткіштер қойылған. Олар — Ұлы Отан соғысының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың құрметіне қойыл-ған ескерткішпен «ВечнаяпамятьВойнам Джурунцам погибшим в Великой Отечественной Войне 1941-1945 г.г.» белгісі бар монументі. Бұл аталған ескерткіштердің барлығы да жөндеуді қажет етеді және ешқандай мекеменің теңгеріміне берілмеген. Бөлім мамандары бүгінде аталған ескерткіштерді меншікке өткізу жөнінде жұмыстардың жалғасып жатқанын жеткізді. Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер Жағабұлақ, Ақкемер, Қайыңды, Алтынды, Ащысай, Мұғалжар, Құмжарған, Құмсай, Талдысай, Бұлақты, Қаракөл ауылдарында да бар. Сонымен бірге Құмжарған ауылынан Социалистік Еңбек Ері Балым Бірімованың атынамонумент қойылған. Бүгінде бұл монументті «Құмжарған» ЖШС-і өз теңгеріміне алған. Айналасы жарықтандырылып, абаттандырылған.

Мұғалжар ауылындағы Түркістан және Ақтөбе майдандарының тоғысуына арналған ескерткіш-белгісі 1919 жылы 13 қыркүйекте қойылған. Тарихы ғасырдан асқан ескерткіштің бүгінде жағдайы жақсы. Жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Соңғы жылдары кейбір ауылдардағы ардагерлердің құрметіне қойылған ескерткіштер «Туған жерге — тағзым» акциясы ая-сында ауыл азаматтарының арқасында жөндеуден өтіп, жаңаша түрге енді. Айталық, Ащысай, Талдысай ауылдарындағы ескерткіштер жөнделіп, ауылдағы соғысқа қатысқан барлық соғыс ардагерлерінің есімі жазылған мемориалдық тақталар орнатылған. Бүгінде аталған ауылдардағы ескерткіштердің маңы абаттандырылып, жарықтандырылған, — деді бөлім маманы.

Ал Қандыағаш қаласындағы Ереван Баймұханбетов көшесі бойында орналасқан қазақтың қос батыр қызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ескерткіші 2018 жыл қойылған. Қос батырдың ескерткішін 3 млн 170 мың теңгеге «Астана Строй» ЖШС-і тұрғызған. Биіктігі 5 метр, ені 1,8 метр болатын ескерткіштің мүсіншісі — А.Абдыбеков.

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін тарихты жаңғыртып, бүгінгі ұрпақ өткенді біліпжүруі үшін түрлі ескерткіштер салынды. Мамандар бұл ескерткіштер монументтік өнер құрылысына жататынын мәлімдеді.

Монументтік өнер құрылысы архитектуралық орта үшін, кеңістік-идеялық жағынан толықтыру үшін салынады. Оның бірнеше түрі болады. Айталық, көшеде қойылатын ескерткіштер — ірі тарихи оқиғаларға байланысты қойылатын белгілер мен мүсіндер. Соңғы жылдары аудан орталығы Қандыағаш қаласында осындай ескерткіштер көптеп қойылды. Аудан әкімдігі алдындағы саябақта Абай мен Ыбырайдың, қазақтың үш биің мүсіндері қойылды. Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннің ескерткіштерінің биіктігі — 3,5 метр, ені – 1,3 метр. Ескерткіштерді мүсінші А.Абдыбеков есімді жасады. Бұл ескерткіштер Қандыағаш қаласы әкімдігінің меншігіне берілді. Күтіп ұстау жұмыстарын солар атқарады, — деді Мейрамгүл Жұманбетова.

Ж.Жабаев және Ө.Қалыбаев көшелерінің қиылысынан бой көтерген Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жергілікті бюджеттен 3 млн 170 мың теңге бөлінген. Те-міржол вокзалы маңына қойылған монументтік өнер құрылысының тағы бірі – «Анаға тағзым» мүсіні. Бұл мүсінді аудан азаматтары «Туған жерге — тағзым» акциясы аясында демеушілікпен жасап берген. Ескерткіштің биіктігі – 2 метр, ені – 1 метр.

Қала орталығында орналасқан Алпамыс батыр ескерткіші мемлекеттік ескерткіштердің тізіміне енді. Бұл монументтік өнер құрылысы 2018 жылы қойылған еді. Аудан әкімдігі ғимаратының алдында орналасқан Үш бидің ескерткіші де — мемлекеттік ескерткіштер тізімінде. Бұл ескерткіштер – 2017 жылы орнатылды. Бұл мүсіндерді орнатуға жергілікті бюджеттен 6 млн 200 мың теңге бөлінді. Бұл ескерткіштерді күтіп ұстау жұмыстарын Қандыағаш қаласының әкімдігі жүргізеді. Себебі ескерткіштер сол мекеменің теңгерімінде. Қандыағаш қаласында бұдан өзге мемлекеттік тізімге енбеген ескеркіштер жетерлік. Алдағы уақытта қалалық саябақ ішіндегі Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Ауған соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіштерді мемлекет меншігіне өткізу бойынша жұмыстар атқарылады, — деді Мейрамгүл Қонысбайқызы.

Ал Ембі қаласында екі ғана ескерткіш бар. Олар — 2006 жылы Мәдени орталықтың алдына қойылған композитор Ахмет Жұбановтың және 2018 жылы Ембі қаласы әкімдігінің алдындағы «Бұжыр батыр» ескерткіші. Монументтік өнер құрылысына жататын бұл мүсіндер мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енбеген. Егіндібұлақ ауылдық округінің орталығы Бұлақты ауылында тарихтан тамыр тартатын ескерткіштің бірі — «Ақтанкер». Бұл ауылда 1929 жылы №52 жылқы зауыты болып құрылған. 2019 жылы Егіндібұлақ ауылдық округінің 90 жылдығына орай жылқының мүсіні бейнеленген ескерткіш орнатылды. Бүгінде бұл ескерткіш заңдастырылмаған, осы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Ескерткіштер – ел тарихы. Ауданымыздағы ғасырлар қойнауынан жеткен археологиялық және бүгінгі таңда салынған сәулеттік ескерткіштер шын мәнінде кез келген адамға ға-жайып әсер қалдыратын, өткенімізден сыр шертетін, сан тарау тарихтың куәгері деп есептеймін. Сол себепті алдағы уақытта ескерткіштерді мемлекеттік тізімге енгізу жолында жұмыстарды жалғастырамыз. Сондықтан да осы ескерткіштерді зерттеу, сақтау, қалпына келтіру және жас ұрпаққа насихаттау — басты борышымыз деп білемін, — деді мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамгүл Жұманбетова.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

 

 

Ұқсас ақпараттар

АЩЫСАЙ МЕН САБЫНДЫКӨЛ АУЫЛДАРЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

ҚЫЗ ҮШІН ӘКЕНІҢ ОРНЫ ТЫМ БӨЛЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.