«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРЛІКТЕР ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

Биыл Кеңес әскері Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толды. Осыған орай Мұғалжар аудандық Қорғаныс істер бөлімінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қандыағаш қаласындағы 10-11 класс оқушылары мен жасақтау бөлімшесінің бастығы, капитан Даурен Сәрсенбаев, ҚІЖБ жеке құрамы және де Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының әскери-патриоттық клубының жетекшісі сарбаздары қатысты. Кездесуге майдан отының ортасында болған Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Сағынтаев, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының мүшелері мен ардагерлері сөз сөйлеп, бастан кешкен оқиғаларын баяндап, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Шара барысында ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, түрлі марапаттар таратылды.

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗ — ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

admin_mugalzhar

Ұлттық санақ: ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕР ШҰБАРҚҰДЫҚ АРҚЫЛЫ АҚТӨБЕГЕ ҚАТЫНАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.