«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҚАШАН ДА МАҢЫЗДЫ

Бүгінгі күні «Мұғалжар» газетінің инста-парақшасының ауқымы кеңейіп, жаңа контенттер орын алуда. Мәселен, сенбінің сәтінде газетіміздің әлеуметтік парақшасының оқырмандарына «Маман мінбері» атты айдар жол тартқан болатын. Аталған айдарда ауданға белгілі, өз саласында жетістікке жеткен білікті мамандар тікелей эфирге шығып, оқырмандарды толғандырған сұрақтарға кәсіби түрде жауап береді. Енді өзіңіз жауабын іздеген сауалдарға біздің әлеуметтік желідегі mugalzhar_gazeti парақшамыз арқылы толыққанды жауап алуларыңызға мол мүмкіндік туды. Айдардың алғашқы қонағы, өңірге белгілі акушер-гинеколог, жоғары санатты дәрігер — Айсұлу ЖАНАЕВА болды.

— Қайырлы күн, Айсұлу ханым. Эфирімізге қош келдіңіз. Ең алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Қай өңірің тумасы боласыз? Қай жақтан білім алдыңыз?

— Қош көрдік. Мен 1983 жылы, Ақтау қаласында дүниеге келдім. Кейін сол жақта білім алып, мектепті аяқтағаннан кейінАқтөбе қаласында М.Оспанов атындағы медициналық академиясын жалпы емдеу мамандығы бойынша 7 жыл оқып тәмамдадым. Содан жолдама бойынша Мұғалжар аудандық ауруханасына дәрігер-гинеколог ретінде қабылдандым. Бүгінде осы өңірге келіп, қызмет еткеніме 13 жылдан асып отыр. Өткен жылы «Денсаулық» клиникасынан көшіп, желтоқсан айында «Keremed_clinic» медициналық орталығын ашқан едік. Қандыағаш қаласында жоқ процедураларды әкеліп, ультрадыбыстық зерттеудің барлық түріне қызмет көрсетіп келемін. Осы өңірдің тумасындай сіңіп кеттім десемде болады. Бір үйдің отанасы болып, 4 ұл тәрбиелеп отырған жайым бар.

— Қазақ қыздарының басым көпшілігі, яғни 85%- ы гинекологқа өздігінен қаралмайды екен. Оған қазақы «ұяты» себеп болуы мүмкін бе?

— Қазіргі жастардың көзі ашық, барлық нәрседен хабардар. Дегенмен қыздар бұл мәселеде қатты ұялады. «Ауруын жасырған өледі» деп бекер айтпаған. Қыз бала — болашақ ана. Әр адам өз денсаулығына жауапты болуы керек. Тазалықты сақтаудың алғышарттарын қызына ең алдымен анасы, жеңгесі айтып түсіндіргені абзал. Қазір аурулардың бәрі жасарып жатыр. Салғырттық танытқаннан түрлі аурулар туындайды. Оның үстіне неше түрлі вирустар келіп жатыр, экологиялық аймақта тұратын қаншама қыз-келіншектеріміз бар. Осының бәрін әрбір жан ескерсе деймін. — Жүктілік кезіне қатысты қазақы ырымдар, тыйым сөздер көп. Мәселен, «мысықты теппе, балаңның арқасында тікенекті түк пайда болады» немесе «шашыңды қима, кіндігіне оралып қалады», «түйенің сүтін ішпе, етін жеме — ұзақ жүресің» деп жатады. Осы сөздер қаншалықты дұрыс, қолдайсыз ба? — Иә, қазақтың әрбір аяғы ауыр келіншегіне бұл сөздер мәлім. Халықтың ырымдарын бір шетке ысырып қоюдың керегі де жоқ шығар, бәлкім. Жоққа шығаруға тағы болмайды. Ескі әдет бойынша, бұл тыйымдарды ескерген де дұрыс-ау… Себебі шаш бояуға болмайды деп жатады. Расында химиялық қоспалардың әсері күшті болғандықтан, оның бәрінің іштегі балаға зияны тиеді. Енді түйенің өнімдеріне келер болсақ, медициналық көрсеткіште тыйым сөздің растығы дәлелденбеген. Оның ешқандай кері әсері жоқ деп айтар едім. Қорықпай, секем алмай пайдалана берген жөн.

— Әйел денсаулығына байланысты сауаттылықты қай кезден бастап қалыптастырған дұрыс? Қыздар арасында гинеколог — жүктіліктен кейін қажет деген пікір қалыптасқан. Осыған көзқарасыңыз қалай?

— 13-14 жастан бастап қыздар гинеколог дәрігерге келіп, профилактикалық тексеруден өтуі керек. Қыздарға етеккірдің келуі 10-12 жастан басталады. Кәмелеттік жасқа толғанша, қабылдауды дәрігер қыздың қасында тек анасы болғанда ғана жүргізе алады. Сондай-ақ қыздың гинекологиялық тұрғыда қандай да бір шағымдары болса, анализ талдамаларын алып, зерттеуге жібереміз. Жалпы мұндай тексерістен қорқудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда медициналық тұрғыдан қыз балаға талдау, зерттеу, тексеру жүргізуге барлық мүмкіндік жасалған. Бұдан бөлек қазіргі кезде УДЗ бар. Сол арқылы да тексерілуге болады.

— Статистика бойынша әйелдер арасында қандай аурудың көрсеткіші басым? Себебі неде деп ойлайсыз?

— Көп кездесетін ауру түрі деп — жатыр мойны ісігін айтар едім. Оған душар ететін жатыр мойнындағы эрозия, полип тәрізді инфекциялық аурулар. Сол себептен көп әйелдер бедеу, бала көтере алмай ұзақ жүріп қалады. Және тағы бір мәселе, ұрықтың жатырда дамымайқалуы. Бұлдақазіргі таңдабелеңалып кетті. Сондықтануақыт созбай, тұрмыс құрғысы келіп, жүктілік жоспарлап жүрген жас отбасыларғакеліпкеңесалуды, анализ тапсырып, тексерістерден толық өтулерін ұсынар едім. Және тағы бір ескере кететін жағдай, босанған әйелдер қауымы кемінде 1жыл сайын тексерістен өтсе деймін. Бізде бір әдет қалыптасқан, дәрігерге денсаулығы сыр бермесе, қаралмай жүре береді. Олай салғырт қарамау керек. Соның салдарынан қаншама әйел зардап шегіп отыр. Бұл аурудың ешқандай симптомы болмайды, яғни білінбей жүре береді. Аурудың ақырғы сатысына келгенде ғанамазалап, тексерекелгенде, ісіктіңбойалғанына көз жеткізіп жатамыз. Ал аталмыш аурудың туындауына экологиялық жағдай әсер етеді. Себебі қазір вирусты жағдайлар орын алып жатқаннан кейін де бұл аурулар белең алып отыр. Және дұрыс тамақтанбау, стресстік жағдайлар да аурудың туындауына жол ашады.

— Жүктілік кезінде ағзада витаминдер жеткілікті болса, қосымша тағыда қабылдауға болама? Әлде зиянды әсер береме?

— Жүктіліккедейін фолий қышқылын қабылдаған дұрыс. Себебі ұрықтың жақсы дамуына, бітуіне мол септігі бар. Бізде жүкті әйел тіркеуге алынғаннан кейін, оған анализ тапсыруға жолдама береді. Соның нәтижесінде ағзаға қажетті дәрумендер болса, қабылдап, ал жеткілікті болса, дұрыс тамақтанған жөн. Таза ауада көп жүріп, өзін жақсы күтіп, бұл кезеңдерден жеңіл өтуге болады.

— Мемлекеттік бағдарламаларды қолдайсыз ба? Мәселен, «Аңсаған сәби» тәрізді бағдарламаларға жүгінген қаншалықты дұрыс?

— Бізде сабыр деген жоқ. Тұрмыс құрғаннан кейін 1-2 айдан соң келіп, шағым айтып жататындаржетерлік. Менойлаймын, ағзаға уақыт беру керек. Ағзаның үйренуі үшін де кемінде 2-3 ай уақыт кетеді. Негізінен барлық себептің алдын алу үшін толық тексерістен өткен абзал. Қажетті ем алғаннан кейін де күтіп, бақылаудың асығыстығы жоқ. Сондықтан «асықпаған арбамен қоян алар» дегенмақалды жадымызда ұстаған артық болмас.

— Өз клиникаңызда көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған ба?

— Иә, жалпы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандар 50 пайыздық жеңілдікпен немесе тегін тексеріле алады.

— Мектептер мен колледждердег іжас қыздарғат үсіндіру жұмыстарын жүргізесіздер ме?

— Ескертулер мен түсіндіру жұмыстары әрдайым қажет әрі керек те. Бұл орайда кезекті сабақтар мен тренингтер өткізіп отырамын. Кеңес алғысы келетін қыздар да баршылық. Өз ойларын ортаға салып, әдемі кездесулер болып тұрады.

— Түрлі жағдайға байланысты жүктілікті кейінге қалдыруға тура келіп жатады. Осыған орай сақтанудың тиімді жолдарын айта кетсеңіз?

— Тиімді жолы — жатыр ішілік спираль. Бұлең тиімді әрі қауіпсіз. Ал сақтандыратын дәрілер де сапалы, жүктіліктен қорғайды, алайда, асқазан жолдарының жұмысына кері әсер беруі мүмкін. Сол үшін бұл дәріні көп ұсына бермейміз.

-Жүктілік кездегі эмоцияның құбылуы, токсикоз тәрізді жағдайлар жалпы қалыпты ма?

— Иә, әрине. Бұл физиологиялық құбылыс. Бұның бәрі уақытша дүниелер. Сондықтан төзіммен қабылдап, эмоцияға көп берілмей, дәруменді заттарды мейлінше мол тұтынып, жақсы жүруге, белсенді болуға тырысу керек.

Тікелей эфирді жүргізген А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ШЫҢЫРАУДА ШЫҢДАЛҒАН КЕНШІ

admin_mugalzhar

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ЕТІКШІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.