«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

Әділхан СӘУЛЕБАЙ, Ащысай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы: 

Мен ең алғашқы рет еңбек жолымды жоғарғы оқу орнын бітіргеннен соң Отан алдындағы азаматтық борышымды абыроймен атқарып келгеннен кейін 2019 жылы Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту орталығында бастадым. Одан кейін Ащысай және Қ.Жұбанов ауылдық округтерінің әкімдігінде ассистент қызметін атқардым. Сөйтіп 2022 жылы өзімнің туған жерім Ащысай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмысқа орналастым. Осыдан бастап менің мемлекеттік қызметтегі еңбек жолым басталды. Мен үшін мемлекеттік қызметтің ерекшелігі — тынымсыз жұмыста. Үнемі халықпен біте қайнасып жүресің, үнемі қимыл-қозғалыс, үнемі жаңа идеялар, әрдайым толғаныс. Халықпен тікелей, бетпе-бет жұмыс істеудің үлкен жауапкершілігі бар. Мемлекеттік қызметші ең бірінші шынайы патриот болуы керек. Мемлекеттік қызметкер болу – мен үшін үлкен жауапкершілік және ол жауапкершілік алдағы уақытта да арта түседі. Менің бойымда жас мемлекетіме адал қызмет атқарамын деген нық сенім бар. Өйткені мен елімнің ертеңіне сенемін!

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«Бір белдеу, бір жол» форумы басталды

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.