SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауына байланысты бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, оның байлығы 183 миллиард долларға дейін төмендеді.
Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 3,73 миллиардқа — 186 миллиард долларға дейін төмендеді. Осылайша, Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында, Маск — екінші орында тұр.
22 ақпанда Tesla акцияларының бағасы 8,55 пайызға — 714,5 долларға дейін төмендеді. Ал Amazon акциялары 2,13 пайызға — 3180,74 долларға арзандады.
Еске салайық, 17 ақпанда Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып, Amazon негізін қалаушыдан бір саты қалып қойған еді. Алайда бір күннен кейін ол қайта миллиардерлер тізімін басқарды.