«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

«Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын», — делінген қаулыда.

Тоқаев Үкіметке осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Кентау қаласы мен оның ауылдық округінің тұрғындары жаңа аудан құру туралы бастаманы қолдағаны хабарланған болатын.

Орта ғасырларда Сауран Тарихи қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістанмен байланысты болған.

Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылған болатын.

Ұқсас ақпараттар

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar

АМАЛ — НАУРЫЗДЫҢ БАСЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.