«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАР», «КӨШІМ» ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ АВТОРЫ 83 ЖАСТА

Ғалым зоотехник-селекционер, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақтөбе ауыл шаруашылығы жылқы өсіру бөлімінің бастығы, тәжірибе станциясы Серікбай Рзабаев 1938 жылы 28 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1946 жылдан 1956 жылға дейін Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы қазақ орта мектебінде білім алады. Кейін 1961 жылы Алматы зооветеринарлық институтының зоотехникалық факультетіне оқуға түседі. Еңбек жолын 1961 жылы «Ембі» (1964 жылдан бастап Мұғалжар) асыл тұқымды жылқы заводында бас мал технигі болып қызмет атқарады. 1964 жылдан 1972 жылға дейін Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясының мал шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкері қызметін атқара жүріп, 1973 жылы «Көшім тұқымды тобындағы жас жануарлардың типіндегі қазақ жылқыларының ет қасиеттері» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады. Серікбай Сағитжанұлы 187 ғылыми еңбек, оның ішінде «Мұғалжар жылқы тұқымы» монографиясын жазып шығарады. Ол Көшім жылқысының ет және сүт бағытындағы авторы бойынша 1976 жылы № 2037 куәлігін, Мұғалжар тұқымдарының жетекшісі және тұқымішілік түрдегі «ембілік», «қайыңдылық» типтері бойынша 2011 жылы №185 куәлігіне автор ретінде ие болады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1980 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен ол өзінің еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлыққа және Қазақ КСР-нің ғылыммен техникасаласындағы лауреаты атағына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Ақбөбек» халықаралық мектебі ашылды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ерлі-зайыпты азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырды

admin_mugalzhar

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.