«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тамақпен бірге шай ішуге бола ма – дәрігер жауап берді

Диетолог қара немесе көк шайды тамақпен қатар ішуге болатынын айтты, бірақ тым қою шай денсаулыққа зиян екенін ескертті.Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Андрей Бобровский Sputnik радиосына берген сұхбатында тамақпен бірге қандай сусын ішу керектігін айтты.
Маман тамақтану кезінде және одан кейін де бөлме температурасындағы жылы суды ішуге кеңес берді.
«Тамақпен бірге су ішуге болмайды деген пікірдің еш негізі жоқ. Мәселен, ең диеталық тағамдардың бірі ретінде сорпаны алайық. Сорпа – қатты өнімдерден дайындалған су. Яғни тамақпен бірге су ішуге болады деген сөз», – деді Бобровский.
Ол кәдімгі қара немесе көк шайды тамақпен қатар ішуге болатынын айтты. Бірақ тым қою шай денсаулыққа зиян екенін ескертті. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар абай болғаны жөн.
«Шайды шамадан тыс көп ішу соншалықты қауіпті емес. Алайда кейбір жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар сұйықтық көлеміне мән беруге тиіс. Қан қысымы жоғары адамдар үшін шайды көп ішу қауіпті. Шайдың құрамындағы заттар қан қысымының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін», – деді диетолог.
Дәрігер тамақпен бірге ішетін сусынды таңдаған кезде, оның құрамына мән беруге шақырды.
«Тәтті газдалған сусындарға назар аударыңыз. Олар қантқа, яғни қарапайым көмірсуларға бай. Тамақтан кейін сұйық қарапайым көмірсулар ас қорыту жүйесінің жұмысын ауырлатады. Бұл пакеттегі шырындарға да қатысты», – деді Бобровский.

Ұқсас ақпараттар

Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің жұмысына оң баға берді

admin_mugalzhar

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл

admin_mugalzhar

Министерство по чрезвычайным ситуациям создано в Казахстане

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.