«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

IT САЛАСЫНА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МӘРТЕБЕ -ТАРИХИ ҚАДАМ

Президент Жолдауында IT саласына ерекше назар аударды. Әсіресе, жасанды интеллект бойынша министрлік құру және оны вице-министр деңгейінде басқару жөніндегі тапсырмасы – болашақта еліміздің дамуына үлкен серпін беретін бастама деп санаймын. Бүгінгі таңда Қазақстан IT бойынша мақтанатындайжетістіктергежетті. Мысалы, eGov арқылы мемлекеттік цифрландырудаәлемдікрейтингте 28-орындамыз. Қазір көптеген қызметтерді Kaspi, Freedom қосымшалары арқылы оңай төлейміз, халыққа қызмет көрсетуорталықтарындағыкезектеразайды. Бұл – Еуропа елдерінің біразынан озып, дамыған мемлекеттермен бәсекелесіп отырғанымыздың айғағы. Әлемде ақпарат көлемі күн санап артыпкеледі. Сондықтан ауыл-аймақтағы деректерді де тиімді игеру маңызды. Жеке деректер негізінде азаматтарға бейімделген контент ұсыну, яғни рекомендациялық жүйелерді дамыту – жасанды интеллекттің басты бағыттарының бірі. Ақылды жүйелерді енгізу арқылы Қазақстан болашақта бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Жақында елімізге суперкомпьютер әкелінді. Мұндай қуатты есептеуіш техника көп мемлекетте жоқ. Ол жасанды интеллектке негізделген ірі жобаларды жүзеге асыруғамүмкіндік береді. Бұрынғыдай тек мобильдік қосымша немесе сайт жасап қоймай, интеллектуалды жүйелер құруымыз қажет. Өйткені, бүгінде TikTok пен YouTube секілдіплатформалар адамның қалауын, қызығушылығын дәл анықтап, соған сай контент ұсына алады.
Жасанды интеллекттің мүмкіндігі тек тұрмыстық деңгеймен шектелмейді. Ол ауқымды медициналық зерттеулерде, жаңавакциналаржасауда, нано-технологияларды дамытуда, тіпті табиғи апаттардың алдын алуда қолданылуы мүмкін. Мысалы, Алматыдағы жер сілкінісін алайық, жасанды интеллект деректерді талдау арқылы болашақтағы қауіпті ертерек ескертуге қабілетті. Президентіміз атап өткендей, үлкен деректер заманында суперкомпьютердің іске қосылуы – еліміз үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар Алатау қаласын толық цифрлы қала ретінде дамыту жоспары айтылды. Бұл қалада смарт сити жүйесі енгізіліп, заманауи төлем әдістері мен криптовалюта қолдану тәжірибесі қолға алынбақ. Қазіргі кезеңде тек табиғи ресурстарға сүйену жеткіліксіз. Адами капитал мен креативті экономика – елдің жаңа драйвері. Сол себепті жастарымыз жаңа технологияларды меңгеріп, жасанды интеллектті тиімді қолдана білсе, Қазақстан жаңа белестерге шығады деп сенемін.
Айболат ҚҰЛАТАЙ, IT маманы.

Ұқсас ақпараттар

Ауырлығы орташа қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа көліктер қымбаттай бастады

admin_mugalzhar

Диетолог 45 жастан асқандарға қауіпті тағам түрлерін атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.