«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысына қытайлық вакцина жеткізіледі

Ақтөбе облысына қытайлық Sinopharm вакцинасының 22 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«QazVac қазақстандық вакцинасы емханаларға жеткізілді. Осы аптада отандық вакцинаны егу науқаны басталады. Оған қоса Қытайдың Sinopharm вакцинасы қазір Сауд Арабиясында шығарылып жатыр. Онда вакцина Hayat-Vax деп аталды. 30 сәуірде облысқа оның 22 мың доза жеткізіледі. Онымен «Самұрық-Қазына» компаниясының қызметкерлерін, яғни өңірде жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларының қызметкерлерін егу жоспарланып отыр. Содан кейін тұрғындар қамтамасыз етіледі», — деді Рүстем Исаев.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде 38 мыңнан аса адам екпе алған. Оның 6 мыңнан астамы екі компонентті де салдырған. Өткен демалыс күндері «Спутник V» вакцинасының тағы 14 800 дозасы және QazVac вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бастап «қызыл» аймақта. Кейінгі тәулікте онда 125 адамнан коронавирус анықталды. Қазір инфекциялық ауруханаларда 750 адам жатыр, оның 50-і реанимациялық бөлімшелерде, 7 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы

admin_mugalzhar

11 АДАМ АУРУХАНАДА ЕМ АЛУДА

admin_mugalzhar

ТЕГІН ОҚУ — ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.