«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар мобильдік қосымша арқылы салық және айыппұл төлей алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, 2021 жылғы 23 сәуірден бастап eSalyq Azamat Салық әмияны мобильді қосымшасында реквизиттерді өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеу сервисі іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады. Сервис жеке тұлғаларға төлеудің келесі реквизиттерін өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді: бюджеттік сыныптама коды (БСК), төлемнің мақсат коды (ТМК), мемлекеттік кірістер органының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының коды (МКО/ЖӨБ), сомалар.

«Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарының салығы сияқты негізгі салықтармен қатар, кәсіпкерлік қызметінің салықтарын, кеден төлемдерін, мемлекеттік баж, алымдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, жекешелендіру, жер сатудан төлемдер және т.б. төлеу мүмкіндігі берілді», – деп хабарлады МКК-де.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ ТАРИХИ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar