«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырмаса не болады?

Ресей тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызмет маманы коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алудың маңызын түсіндірді деп жазады РИА Новости.

Маманның сөзінше, вакцинаның екінші дозасын салдырмауға болмайды. Өйткені бұл бірінші дозаның тиімділігін азайтады. Сондай-ақ екінші дозасыз мықты иммунитет қалыптаспайды.

«Бірінші дозадан кейін антидене түзіле бастап, ол гуморалды иммунитет қалыптастырады. Бұл IgM және IgG иммуноглобулиндерінің болуымен анықталады. Гуморалды иммунитет тұрақсыз және ұзаққа созылмайды, ол екі-үш айға жетеді.

Сондықтан иммунитетті нығайту үшін вакцинаның екінші дозасы қажет, соның арқасында Т-жасуша иммунитеті немесе есте сақтау деп аталатын жасушалар пайда болады. Олар инфекциядан сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етеді», – дейді Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі Александр Горелов.

Сарапшы бірінші және екінші доза арасындағы ең жақсы ұзақтық 30-45 күн екенін айтады. Бірақ пандемия жағдайында бұл мерзім 21 күнге дейін қысқартылған. «Вакцинаның екінші дозасынан бас тарта отырып, адам денсаулығына қауіп төндіреді және бірінші дозаның тиімділігін жоққа шығарады. Екі айдан кейін ол қайтадан инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан иммунологиялық әсерге жету үшін вакцинацияның толық курсын аяқтап, коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алу өте маңызды», – дейді Горелов.

Ұқсас ақпараттар

Өзге елдегі Наурыз мейрамы

admin_mugalzhar

САРЫП: АДАМҒА ДА МАЛҒА ДА – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.