«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰШҚЫШТАР

«…ПОТОМУ, ПОТОМУ, ЧТО МЫ — ПИЛОТЫ! НЕБО — НАШ, НЕБО — НАШ РОДИМЫЙ ДОМ!..» ДЕП ӘНДЕТІП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДА БАР. ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОҚЫРМАНДАРЫНА ӨЗ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРГЕНДЕР — ЖЕРДЕН ГӨРІ КӨКТІҢ «ТІЛІН» ТҮСІНІП, УАҚЫТЫНЫҢ БАСЫМЫН АСПАНДА ӨТКІЗУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰШҚЫШ ПЕН СОЛ ЖОЛДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТ ЖЕРЛЕСТЕР.

Азамат АМАНҒАЛИЕВ:

Мен Қандыағаш қаласында туып-өстім. Кішкентайымнан ұшқыш болғым келетін. Әуедегі көріністер бала күнімнен қызықтыратын. Сол арманым жетелеп, бүгінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының 4-курс студентімін. Майдан авиациясы мамандығында оқып жатырмын. Мамандық таңдауға отбасымның әсері немесе ықпалы болған емес. Өзімнің қалауым бойынша таңдау жасадым. Таңдаудан шатаспадым деп ойлаймын. Себебі оқу барысы, ұшу сәтіндегі үйреніп жатқан біліміміз оқуға деген құштарлығымды арттырады. Мәселен, бұлтты күні ұшсақ, Жерден 4000-5000 метр көтерілгенде, аспанның іші күн болып, жарқырап тұратын. Бұның бәрі кез келген адам көре бермейтін, біле бермейтін керемет
дүниелер. Сабақ барысында 4-5 томдап кітаптар да оқимыз. Өзіндік ережелері, әскери тәртібі бар осындай орта нағыз ер азаматтарға лайық деп ойлаймын. Алдағы мақсатым — оқуымды жақсы аяқтап, жұмысқа орналассам деймін. Неше түрлі ұшақ типтерімен танысып, тәжірибе жинақтап, үлкен ұшақтарды бағындырғым келеді. Қазіргі таңда екі типті ұшақта шеберлігім бар. Осы уақытқа дейін жалпы ұшу сағатым — 80 сағат. Бәрі білім мен тәжірибенің жинақталуынан келеді деп ойлаймын. Болашаққа деген сенімім өте зор.

Ұқсас ақпараттар

10 БАЛАҒА КІНДІК ШЕШЕ БОЛҒАН ДӘРІГЕР

admin_mugalzhar

Жанболат ӨТЕШОВ: БІЗ ҚАЙДА БАРА ЖАТҚАНЫМЫЗДЫ БІЛМЕДІК

admin_mugalzhar

Фарида КУЖАТОВА: МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАНЫМА ӨКІНГЕН ЕМЕСПІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.