«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта Қазақстанда вакцинация 45 күн аралықта екі кезеңде жүргізілетіні жазылған.

«Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін — 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі;», — делінген қаулыда.

Бұған дейін Қазақстанда «Спутник V» екінші компонентін егі мерзімі ұзартылған болатын. Бас санитария дәрігердің қаулысына сәйкес, екі дозаның арасы 45 күнге дейін ұлғайтылды (бұрын 21 күн болған), ал жалпы «Спутник V» екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат берілді.

Ұқсас ақпараттар

Табиғи апаттан зардап шеккен Жағабұлақ және Бірлік ауылдарының тұрғындары қоныс тойға дайындалып жатыр

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

БІЗДІҢ НҰРҒАНЫМНЫҢ МАРАПАТЫ

admin_mugalzhar