«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰБТ: ӨЗГЕРІС және МҮМКІНДІК

АУДАННЫҢ БИЫЛҒЫ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  ЮСТАДИ ОРТАЛЫҒЫНДА КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ ТАПСЫРАДЫ. БИЫЛҒЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ ӨТКЕН ЖЫЛДАРДАН  ӨЗГЕШЕЛІГІ КӨП. ЕҢ БАСТЫСЫ, ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЕКІ БІРДЕЙ МҮМКІНДІГІ БОЛАДЫ. БІРІНШІДЕН, ТЕСТ ТАПСЫРУ  УАҚЫТЫ 3 АЙҒА СОЗЫЛАДЫ. АЛ ЕКІНШІДЕН, ӘРБІР МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК ОСЫ КЕЗЕҢ АРАЛЫҒЫНДА ТАҢДАҒАН  УАҚЫТЫНДА ТЕСТ ТАПСЫРА АЛАДЫ.

2020-2021 оқу жылында аудан бойынша 530 оқушы мектеп бітіреді. Оның 492-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұрын мектеп бітіруші түлектер тест тапсырмасын арнайы кітапшада жауапты белгілеу арқылы орындайтын болса, енді бұл мақсатқа дербес компьютер ұсынылады. Жаңа ереже бойынша түлек ҰБТны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанованың берген мәліметі бойынша, осы жылы ҰБТ тапсыратындар үшін берілетін тестілеу уақыты да әр түрлі. Мәселен, жаратылыстану, математика бағыты бойынша тапсыратындарға 240 минут бөлінсе, гуманитарлық бағыттарға 225 минут берілген. Компьютерлік тапсыру кезінде оқушыларға екі рет үзіліс, ҰБТ басталғаннан бір сағаттан соң 2 минут, екі сағаттан соң 15 минут берілетін көрінеді.

— Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75-ке дейін ұлғайтылды. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін: «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл жинау керек. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл, Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл алу қажет, — деді бөлім басшысы. Аудан бойынша 167 түлек мамыр айындағы ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, ал 325 түлек маусым айында өткізілетін тестілеуге қатысуға өтініш берген. Ал екінші мүмкіндікті пайдалануға мамыр айына 48 түлек, маусым айына 418 түлек өтініш жасаған. Білім бөлімі басшысының айтуынша, оқу жылының басынан бері аудандағы мектеп бітіруші түлектерге қосымша сабақтар бойынша кесте құрылып, Тест орталығынан кітапшалар алынып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыстар жасалған. Негізгі 3 пән және бейіндік 2 пәннен дайындық ретінде консультациялар апта бойы ұйымдастырылып, оқушылардың қатысымы қатаң бақылауға алынып, ата-аналар мен оқушылар арасында жиналыстар өткізіліп, жаңа форматта өтетін ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстары толыққанды жүргізілген. Бүгінде оқушылар мектептегі дайындықтан бөлек, қосымша өз қалауларымен «Дарын», т.б. онлайн түрдегі ақылы курстарынан өтуде.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

204 ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПРИДЕТ ВОДА И В СЕЛО КУМСАЙ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.