«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАНДЫ ВЕЛОСИПЕДПЕН АРАЛАУ АРМАНЫ

ФОТОДАҒЫ БҰЛ ӘУЕСҚОЙ ВЕЛОСПОРТШЫЛАР — ЖАҒАБҰЛАҚТЫҚ АХМЕТОВТЕР ОТБАСЫ. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНА ҚОНЫС АУДАРҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ МАЙСАТ АХМЕТОВТІҢ ТУҒАН АУЫЛЫНА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН ВЕЛОСИПЕДПЕН БАРЫП, КЕЙІН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН БЕТІ.

7 мамыр күні Майсат Аташұлы 14 жастағы үлкен ұлы Нұрмен бірге таңмен таласа шағын саяхатына шықты. Жолды екі дөңгелекпен бағындыру бастапқыда қиын көрінгенімен, бара-бара қызықты сапарға айналғанынайтадыәкелі-балалы спортшылар.

— Жалпы отбасымызбен спортқа жақын жандармыз. Осы ойдың төңірегінде біраздан бері ойланып жүргенмін. Сәті түсіп, баламның 4 күндік мерекелік демалысын пайдалана отырып, осы бір істі қолға алуды жоспарладық. 7 мамыр күні таңғы 4-те сапарды бастадық. Бас кезінде қиындау көрінгенімен, барабара қызыққа толы болды. Жол жөнекей көргендер сәттілік тілеп жатты. Өзіміз қазіргі таңда Ақтөбе қаласының «Опытный» деген шағын ауылында тұрамыз. Туған жерім Жағабұлақ ауылына 278 шақырым жерді жүріп бардық. Ол жерге мамырдың 8-і күні жеттік. Уақыт тығыз болғандықтан, кері қайту керек болды. Сөйтіп ағайын-туысқа сәлем беріп, жолға қайта шықтық. Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашев өз атынан Алғыс хат беріп, құрметтеді. Жасым 46- ға келгенімен, өзімді жеңіл сезінемін. Жолда ауа-райы да сәл қолайсыздау болғанымен жай жолда-15, сайдан түскенде -55, орташа есеппен сағатына 35 шақырым жылдамдықпен жүріп отырдық. Меніңмақсатым — салауатты өмір салтын ұстанып, көпшілікке насихаттап, балаларым мен замандастарыма үлгі көрсету. Жалпы, қалалық жерлерде демалыс күндерін «велосипед күні» деп белгілесе, өзіміз, денсаулығымыз және экология үшін де тиімді болар еді деп ойлаймын. Болашақта велосипедпен Қазақстанды аралау ойымда бар. Бәрі уақыт еншісінде, — дейді мұғалжарлық әуесқой велоспортшы.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ресейде оқып жатқан 200-ден астам студент Ақтөбеге жеткізілді

admin_mugalzhar

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ТЫЛ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.