«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтетіні туралы айтты.

«Жуырда аты аңызға айналған спортшымыз Денис Теннің арамыздан кеткеніне 3 жыл болады. Оның әлемде конькимен мәнерлеп сырғанауды насихаттауға қосқан үлесін ескере отырып, атақты спортшымызды еске алу жарысын өткізу жоспарда бар ма?» деп министрге сауал жолдады.

Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Денис Тенге арналған халықаралық спорттық жобаны (турнир – Baq.kz) өткізу жоспарланғанын айтты. Ол турнир індетке байланысты 2021 жылға ауыстырылғанын еске салды.

Халықаралық коньки тебушілер одағы Алматы қаласында 2021 жылы қазанда Алматы арена мұз айдынында Денис Тенге арналған халықаралық жарыс өткізу бойынша шешім қабылдады. Жарысқа 10 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысады, — деп баяндады министр.

Дегенмен іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады.

Бірақ осынау халықаралық іс-шараны биылғы жылдың күзінде өткізуді жоспарлап отырмыз, — деп жауап берді Мәдениет және спорт министрі.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында биыл 9 мыңға жуық пәтер салу жоспарланып отыр

admin_mugalzhar

29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.