«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы өсті

Қазақстанда өрт сөндіру және құтқару қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға көтереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан үкіметінің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақыларын кезең-кезеңімен көтеруді қарастыратын қаулысы қабылданды.

«2021 жылы өртті сөндіру және құтқару қызметтерінің қатардағы құрамы мен кіші командалық құрамының жалақысы өсті», — деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда өз өмірін қатерге тіккен өрт сөндірушілердің жалақысы туралы айтқан болатын. Өрт сөндірушінің жалақысы еңбек өтіліне, сыныптық біліктілігіне және шеніне байланысты орташа есеппен 2020 жылы 99000 теңгені, 2021 жылы 108000 теңгені құрады. Ал тәжірибесі бар өрт сөндіруші үшін ол 2020 жылы 160 000 теңгені, ал 2021 жылы 177 000 теңгені құрады.

Ұқсас ақпараттар

РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ДОРОГА НЕ ПРОЩАЕТ ОШИБОК!

admin_mugalzhar

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

admin_mugalzhar