«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл

Бірде ауқатты отбасының отағасы кішкентай ұлын ауылға, малшылардың ортасына ала барыпты. Адамдардың тұрмысының қаншалықты кедей екендігін өз көзімен көрсін деген ойы болған. Олар өте кедей тұратын отбасында бір күн және бір түн болыпты. Үйіне оралғасын әке баласына мынадай сұрақ қойыпты:
— Қалай, саған сапарымыз ұнады ма?
— Әке, бұл бір ғажап болды!
— Адамдардың қаншалықты кедей болатынын өз көзіңмен көрдің бе? — деп сұрапты әкесі.
— Иә, көрдім.
— Ал осыған қарап не ұқтың?
Ұлының жауабы:
— Біздің үйде бір итіміз болса, олардың төрт төбеті бар екен. Бақтың ортасында біздің хауызымыз болса, олардың ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейтін шексіз, шетсіз теңіз айлағы бар екен. Бақшамызда шам жағамыз, ал олар жарықты жұлдыздардан алады. Біздің ауланың сыртында патио бар, ал оларда — керілген көкжиек.
Ұлының жауабын естіген әкенің тілі байланып қалыпты. Ал ұлы сөзін былай жалғапты:
— Әке, көп рақмет, сен маған біздің қаншалықты кедей екендігімізді көрсеттің.
Бәрі де мына жарық дүниеге қандай қырынан қарауыңа байланысты болып отыр ғой. Шынайы сүйіспеншілігі, достары, отбасы, денсаулығы, жақсы көңіл күйі мен өмірге құштарлығы бар адамда бәрі де болады!
Алайда жоғарыда көрсетілгеннің ешқайсысын да ақшаға сатып ала алмайсың. Ойыңа келген материалдық игіліктердің кез келгенін сатып алуға болады, тіпті келешекке қор жасау мүмкіндігі де бар. Бірақ көңілің тоқ болмаса, жан-дүниең қаңыраған бос болса, бұның бәрі бекер, құр әурешілік, өзің де қуыс дөңбексің! Сенен не үміт, не қайыр?!

(Ел аузынан)

Ұқсас ақпараттар

АЭС салу — энергия тапшылығынан арылтады

admin_mugalzhar

Ұшақ апатында қаза тапқан 12 адамның аты-жөні белгілі болды

admin_mugalzhar

Казахстанцы смогут потратить пенсионные на лечение за рубежом

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.