«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда мас күйінде көлік тізгіндегендерге жаза күшейді

Мас күйінде көлік тізгіндеп, адамды жазым еткендер 10 жылға сотталып, жүргізуші куәлігінен біржола қағылады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, жалпы көлікті басқару құқығынан айыру мерзімі едәуір ұзартылған. Егер бұрын көлікті мас күйінде жүргізген адам 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылса, енді бұл мерзім 7 жылға дейін ұзарды. Сондай-ақ ішімдік ішіп, алғаш рет жол ережесін бұзса да 15 тәуілікке қамауға алынады. Ал жол ережесін бұзғанымен қатар, адам денсаулығына қауіп төндірген жүргізушіге 20 тәулікке қамау мен 7 жылға жүргізуші құжатынан айыру жазасы беріледі. Жалпы жыл басынан бері еліміз бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Асқар Таженов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

– Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершіліктің күшейгеніне қарамастан, әлі де құқық бұзушылықтар азаймай отыр. Өкінішке орай, мұндай жүргізушілер жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Ағымдағы жылдың бесінші айында мыңнан астам жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан көлік жүргізушілеріне барынша жол ережелерін сақтап, тәртіпке бағынуға шақырамыз.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

Қылмыскерлер жалған патриоттық ұрандарды жиі қолданады — Тоқаев

admin_mugalzhar

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Жапония университеті қазақстандықтарға оқу стипендияларын ұсынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.