«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

120 МҰҒАЛЖАРЛЫҚҚА ГРАНТ БӨЛІНБЕК

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бөлу жұмысы жалғасып келеді.

Ауданда биыл 120 адамға грант бөлу жоспарлануда. Жалпы қыркүйек айына дейін жал ғасын табатын бұл бағдарлама мамыр айынан бастау алды. Бүгінге дейін 17 адам қатысып, соның ішінен 10 адам грантқа ие болып, кәсіптерін бастап кеткен. Осы жолғы грант көлемі 583 мың 400 теңге болып бекітілді. Айта кету керек, бағдарлама бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және әртүрлі мамандыққа, мысалы: шаштараз, аспазшы, жиһаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстарын бітірген, бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмағандар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сонымен қатар қоныс аударушылар мен қандастар, 1 жылдан аз кәсіппен айналысқан үміткерлер грантқа қатысушы бола алады.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

МАЛ ДӘРІГЕРІ АДАМЗАТТЫ ЕМДЕЙДІ

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙҒА СУ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздің екі облысында үсік жүреді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.