«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Міндетті вакцинациядан өтпегендерді 15 шілдеден бастап тексермейтін болды

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін қызметкерлерін вакциналауға міндеттелген нысандарда ешқандай тексеру жүрмейтінін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакциналау мерзімдері нақты әрі науқаншылдықтан ада болуы тиістігін айтқан болатын.

«Президенттің тапсырмасынан кейін кеше коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Сол жиында қызмет көрсету саласының қызметкерлерін вакциналау мерзімін 19 шілдеде нақтылау туралы шешім қабылданды. Яғни 15 шілдеден кейін аталмыш нысандарға қызметкерлері вакцина алмағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды. Мұны міндетті вакциналау мерзімі 19 шілдеге дейін созылды деп қате түсінуге болмайды. Нақты қанша мерзімге созылатыны 19 шілдедегі ведомствоаралық отырыста белгілі болады», – дейді Ержан Байтанаев.

Сонымен, міндетті вакциналаудың мерзімі 19 шілдеде айқындалатын болды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берген полицей марапатталды

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.