«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ: ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ҚАДАМ

ОСЫ АПТАДА АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҒАЛЫМ ҚОБЛАНДИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЛЕМДІ ЖАЙЛАҒАН ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛЫП, ТОЙХАНАЛАРДА ӨТІП ЖАТҚАН ТОЙ-ДУМАНДАРҒА ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЖӨНІНДЕ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ.

Отырысқа аудан аумағында орналасқан кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерлер, аудандық санитариялық дәрігерлер, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Комиссия төрағасы Ғалым Қобландин бүгінде эпидахуалдың мәз емес екендігін, аурудың беті қайта өршіп, індетке шалдығушылар санының артып жатқанын жеткізді.

— Бүгінгі таңда ауданда күн сайын коронавирус жұқтырғандардың саны 20 адамнан асып отыр. Бұл — алаңдайтын мәселе. Аурудың қайта өршуіне тұрғындардың карантиндік режимді сақтамай, адам көп жиналатын орындарға баруы себеп болып отыр. Ауруханаға түскен науқастардан анкета алу барысында олардың көбісі садақа мен тойға барып, ауру жұқтырғаны анықталды. Сол себепті де тойхана иелері мерекелік шараларды ұйымдастыруды тоқтатуы қажет. Сонымен бірге барлық адам коронавирусқа қарсы вакцина алып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруы керек. Вакцинаның пайдасы туралы сауатты түсіндірме жұмыстары жүргізілуі маңызды, — деді комиссия төрағасы.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелерінің жұмыстары да өз жалғасын табуда. Адам денсаулығы мен өмірінің бірінші орында екенін айтқан аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта мониторингтік топтың жұмысын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

СВЕТЛЫЙ ПУТЬ Сапара Сагинтаевича

admin_mugalzhar

УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.