«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші аптасында қанша табыс тапты?

Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшыларың табысын есептеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа іліну керек (ең төменгісі). 2 тамыз бойынша спортшылардың жалпы табысы 265 мың доллар болып тұр. Бұл әлі де көбеюі мүмкін.

Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі:
  • Алтын — 250 мың доллар.
  • Күміс — 150 мың доллар.
  • Қола (75 мың доллар) — Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика).
  • Төртінші орын (30 мың доллар) — Елена Рыбакина (теннис).
  • Бесінші орын (10 мың доллар) — Милад Карими (спорттық гимнастика).
  • Алтыншы орын — 5 мың доллар.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Токио ойындарының бірінші жартысында тек үш қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас ақпараттар

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

11 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.