«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудан прокуроры Ерназар Алдияр, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында кәсіпкерлер кәсіпкерлікті дамытудағы қолайлы бағдарламалар мен жобалар төңірегінде кеңестер сұрап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен аудан прокуроры Ерназар Алдияр әрбір кәсіпкердің мәселесін мұқият тыңдап, олардың құқықтары мен мүдделерін заңдылық тұрғыдан қорғауға, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Бейжіңнен Римге дейін: 2025 жылғы мәдениет саласындағы айтулы оқиғалары

admin_mugalzhar

Президент 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті рет жолдау жариялайды

admin_mugalzhar

АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

admin_mugalzhar