«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ТАРТУЫ

Апта айналып, ән шашу мен керемет көрме көшіне үйренген қала тұрғындары бұл жолы Жем қалалық округі өнерпаздарының кезекті концертін тамашалады. Мәдениет күндеріне қала тұрғындары мен қонақтары, мекеме қызметкерлері қатысты.

Жем қаласының қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы төсек жабдықтары мен қыз жасауына арналған барлық бұйымдар, ұлттық киімдер, көнеден қалған жәдігерлер де тұрғындарға ұсынылды. Ұйымдастырушылар құрамы өнерлі жандарға толы болды. Әнші де, күйші де, биші де сахнадан табылып, тұрғындардың көңілін көтерді.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді

admin_mugalzhar

Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ЖАҢА «ДИНА» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar