«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨРТ ӨТІНДЕГІ ӨМІР

«МҰҒАЛЖАРДА» ЖАҢА АЙДАР! «КЕЙІПКЕРДЕ» ӨЗ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАН МАМАНЫ АТАНЫП, БҰРЫНСОҢДЫ ГАЗЕТ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНБАЙ, ЕҢБЕГІ ӨЗ ҰЖЫМЫНДА ЕЛЕНСЕ ДЕ, ЕШКІМГЕ АЙТЫЛА БЕРМЕГЕН МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚОНАҚ БОЛАТЫН БОЛАДЫ. ҚАЛАМҒА ЖҮК БОЛҒАН КЕЙІПКЕРДІҢ ЖҰМЫС КҮНІНІҢ ӨТУ БАРЫСЫ, ҚЫЗМЕТТІҢ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ ТУРАЛЫ ДА БАРЫНША АШЫП БЕРМЕКПІЗ. ЕНДЕШЕ, ОҚЫРМАН, ЖАҢА АЙДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЙІПКЕРІ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ НҰРАШ ҚҰЛЫНБАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫНА КӨЗ ЖҮГІРТЕЙІК…

Қандыағаш қаласында орналасқан №8 өрт сөндіру бөліміне фототілші екеуміз таңмен таласа жеттік. Жұрт ұйқысынан енді оянып жатса, бұл жерде қызу жұмыс басталып та кеткен екен. Бақылау-өткізу бекетінен қара-қоңыр, жасыл-сары түсті арнайы киіммен сақадай-сай шыққан өрт сөндірушілер бізді жылы қарсы алды. Таңертеңгі 8.30-дағы қарауылдардың ауысым уақытына үлгеріп келген екенбіз. Одан кейін сабақтарына дайындық өткізілді. Сөйтіп, сағат 9-дан 11 жарымға дейін үш оқу сабағы болды. 11.45-12.45 аралығында «Өрт сөндіру қызметі бойынша нормативтерді өңдеу және тапсыру» шаралары өткізілді. Бізге мақала дайындап, сюжет түсіру барысында өрт сөндірушілердің бөлімдегі күнделіктіжұмысбарысынкөзбенкөрудіңсәті түсті. Бұлжерде құрыштай қайратты азаматтардың тындырымды еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған. Жуынатын және тынығу бөлмелері жабдықталған. Асхана, жуыну кабиналары, кең бөлмелер, оқу сыныбы да лайықталып жасалған. Өрт сөндіру бөлімінің «жүрегі» — байланыс пунктінде де болдық, онда өрт оқиғалары, апатты жағдайлар туралы түрлі хабарлама келіп түседі. Бөлімді аралап болғаннан кейін негізгімақсатымыз — қолы сәл босаған уақытта кейіпкерімізНұрашҚұлынбайдыәңгімегетарттық. Бұл әңгіменің сәті түскі тамаққа үзіліс кезінде түсті. «Жігіттің түсін айтпа, ісін айт» демекші біздің сұрағымызға сай кейіпкеріміз неге осы қызметті таңдағанын тілге тиек етіп, жұмысының қиындығы мен қызығын айтып берді.

— 1978 жылы Байғанин ауданындаЖарлысовхозы, Көтібар ауылдық округінде дүниеге келдім. Сол жерде оқуымды аяқтап, 1996 жылы осы Қандыағаш қаласына қоныс аудардық. Әртүрлі уақытшажұмыстар жасап жүріп, 2001 жылы әскергеаттандым. 2003 жылы Отан алдындағы борышымды өтеп келіп, өрт сөндіру бөліміне құжаттарымды тапсырған болатынмын. Бұл салаға аяқ астынан келдім деп айта алмаймын. Негізі ағам осы жерде қызмет жасайтын. Жастау кезімнен оның жұмысын көріп, қызығушылығым оянып, мен де осы қызметте өзімді көргім келетін. Өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеу — жүрекке түйген арман еді. Сол арманның жетегінде жүріп, 2005 жылы осы бөлімге жұмысқа қабылданып, жүргізуші болып, өртсөндірумашинасының рөліне отырдым. Жұмысым өзіме ұнайды. Әрине, қиындықтар да жоқ емес. Бірақ өзім таңдап, қалап келген мамандық болғандықтан еш өкінбеймін, — дейді ол.

Көлік жүргізуші қызметі аса зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Осындай міндетті арқалап жүрген Нұраш 6 баланың әкесі.

— Хабар түскен бойда өрт болған жерге жеке құрамды тез, әрі аман-есен жеткізу — біздің міндет. Сондай-ақ өрт орнында автокөлікте судың, жанармай мен көпіршіктің (пена) бітіп қалмауын үнемі тексеріп, су деңгейін бөлімше командиріне баяндап отыруымыз керек. Өрт кезінде автокөліктің техникалық қызмет көрсетуін, әсіресе, сорғының тұрақты жұмыс жасауын уақытылы қарау талап етіледі. Жұмысты бөлімше командирінің нұсқауы мен атқарып, қосымша көмек керек болса ескертеміз. Автокөлікке қажетті керекжарақ көп. Көліктің қозғалтқыш бөлігі, жарық шамдары, жең жалғағыш кілттер, дәрігерлік қобдиша — барлығы да біздің қызметтегі негізгі элементтер, — дейді көлік жүргізушісі.

Жұмыс қатаң тәртіпті, жылдамдықты талап етеді. Бірақ бөлімдегі жігіттердің дені әскерде болып, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар. Сондықтан олардың темірдей тәртіпті жатсынбайтындығын аңғардық. Басты талаптың бірі — қауіпсіздік техникасының журналына қол қойып, күн тәртібіне сай қызметіңді атқару. Өрт сөндірушілердің жұмыстарын көзбен көріп, арнайы киімдерін киіп те көрдік. Бұл киімді киіп-шешудің де арнайы дағдысы бар екенін түсіндік. Тәртіп бойынша кимесең, дабыл кезінде уақыттың да күтіп тұрмайтыны белгілі. Қарауылдар ауысқан кезде қызметкерлердің денсаулығы, қызмет бабындағы құжаттарының түгел болуы, бөлімніңтазалығы, барлығыдерлікескеріледі екен. Әңгіме барысында 16 жылдық тәжірибесі бар өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, старшина НұрашТанатұлы өзіне міндеттелген жұмыстарын түсіндіріп, арнайы жабдықтарды таныстырды. Таныстыра отырып, біраз оқиғамен бөлісті.

— Өрттің тұтануы көбінесе қауіпсіздікке немқұрайлылық танытудан болады. Бұл жөнінде үнемі айтылып келе жатыр. Бірақ соны ешкім сақтамайды, тіпті кейде біле тұра қасақана жасағандай болады. Бізге жүктелген талап – адам өмірін құтқару. Қыс мезгілінде қатты боран, көз көрмей кететіндей дауылдар болады. Сондай кезде қар құрсауында адам қалып, адам тұрмақ көліктер де тұрып қалып жатады. 2019 жылы қатты боран салдарынан қар құрсауында қалып қойған 150-170 техниканы алып шыққанымыз бар. 2-3 күн оқиға орнында қалған уақыттарымыз да болды. Ауылдық жерлерде далалық өрттер көп болады. Сонымен қатар көпқабатты үйлерден «есік құлттанып қалды, балам қалып қойды, газ қосулы қалды» деген дабылдар келіп түседі. Көктем айларында қар еріп, соның себептерінен көп үйлер суға кетіп жатады. Міне, осының барлығына көмекке бару біздің міндетке кіреді, — дейді жауапты жұмысты атқарып жүрген жігіт.

Түскі астан кейін өрт сөндірушілер дене шынықтыру дайындықтарына кірісті. Одан әрі объектілерге бару, жедел жоспарлар мен жедел карточкаларды әзірлеп, өрт сөндіру жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. Ары қарай жеке құрам еңбек және демалыс режимдерін жақсарту бойынша әкімшілік-шаруашылық іс-шараларын орындайды. Ауысымдағы өрт сөндірушілер кешкі тамақтан соң өрт сөндіру техникасына, өрт сөндіру-техникалық жарақтарға, жабдықтарға күтімжасап, кешкі уақытта демалысқа да уақыт бөледі. Сонымен қатар бөлімшенің үй жайлары мен аумағын күзету, қарауылдық қызметті өткеру кезеңі келеді. Таң атысымен қарауылдар ауысымға дайындалады. Міне, осылай тәулік бойы ауысыммен жұмыс процесі күнбе-күн қайталанып отырады. Осыменбіздіңөртсөндірушілерменөткізген бір күніміз соңына жетті. Бір сөзбен айтқанда, бұл мекеменің қызметкерлері «өрт жоқ болса — жұмысжоқ» деген түсініктен ада. Олар қала қауіпсіздігі жолында жиырма төрт сағат бойы сақадай сай.

P.S. Айта кету керек, «Кейіпкер» айдары тек газет бетінде ғана емес, басылымның әлеуметтік желідегі парақшаларында да жалғасады. Сол себепті, жаңа айдар кейіпкерлерінің күнделікті өмірі туралы оқып қана қоймай, бейнеролик арқылы P.S. көзіңізбен көргіңіз келсе, газеттің инста парақшасы мен ютуб каналын да қарауды ұмытпаңыз, оқырман…

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ, Самат САПАРҒАЛИ

Ұқсас ақпараттар

К услугам у нас везде дорога и интернет!

admin_mugalzhar

В РАЙОННЫХ ЦОНАХ НАЧНУТ ОКАЗЫВАТЬ УСЛУГИ ПО ВЫДАЧЕ РАЗРЕШЕНИЙ ТРУДОВЫМ ИММИГРАНТАМ

admin_mugalzhar

ТЕХНИКАНЫҢ ТІЛІН БІЛЕТІН — НҰРТІЛЕУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.