«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аймағамбетов мектептер қашаннан бастап 12 жылдық оқытуға көшетінін айтты

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.
2024 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі қарастырылып жатыр. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша математика, тілдер, информатика сияқты басым пәндерге ерекше назар аударылады. Оқулықтардың альтернативтілігі қамтамасыз етіледі. Ол бойынша біз қазір заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, — деді Асхат Аймағамбетов.Бүгінгі таңда бірыңғай оқулықтар бар. Ол гимназия, лицей және жалпы мектептерге бірдей қолданылды. Бұл норма бойынша педагогтар қажеттілікті анықтайды. Бірыңғай оқулықтар Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәнінде сақталады, — деді ол.Барлық мектепте цифрлық платформалар қолданылады. Олар қолжетімді болады. Цифрлық платформаларда түсірілген сабақтарды оқу процесіне енгізген өте пайдалы, — деді министр.
Министр 1-11-сынып оқушыларына оқулық таңдау мәселесін педагогтар өздері жүзеге асыру керегін айтты.Аймағамбетовтың айтуынша, мектептерде цифрлық технологиялар әрі қарай жұмыста пайдаланылады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ұшақ билеті қымбаттаған

admin_mugalzhar

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТҰМАУ ДЕНДЕП БАРАДЫ

admin_mugalzhar

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.