«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚСУДЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖАСТАРЫ

Ащысай ауылдық округіндегі Ақсу негізгі орта мектебінің жанынан «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Ұйым мүшелігіне мектеп оқушылары тартылған. Олар мектепішілік шараларға белсене қатысып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып жүр.

Атап айтсақ, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына — 30 игі іс» акциясы аясында ауыл қарттарының үйлеріне барып, үй шаруларына жәрдем берді. Ал «Birgemiz: Taza Alem» акциясы аясында ауыл маңындағы өзен жағалауларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғатта қорғауға өз үлестерін қосты. «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Мереке Кенжеғали елді мекендегі тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында, ауыл маңындағы тарихы тереңде жатқан Ор бойында орналасқан Көк мешіт туралы бейнеролик дайындады. Оның жұмысы Тұңғыш Президент күні мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Туған өлкеге саяхат» облыстық танымдық онлайн байқауында «Туған өлкенің тарихы» номинациясымен марапатталып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Балалардың арасында қашықтан өткізілген «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауында Радик Халькин ІІІ дәрежелі «Қазақстан — менің болашағым» номинациясымен марапатталды.

Ш.ӨТЕМБЕРГЕНОВА, Ақсу негізгі орта мектебі

Ұқсас ақпараттар

УЧЕБА В КИТАЕ, ГЛАЗАМИ НАРГИЗ

admin_mugalzhar

ЕСЕП ТАЛҚЫЛАНДЫ. МАҚСАТ АЙҚЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

В семи регионах Казахстана продлили время работы ЦОНов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.