«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда ипотекалық несиенің сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетіледі

Отбасының табысына байланысты жеңілдетілген несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2% және 5% болады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

«Отбасы банк» АҚ-тың ипотекалық бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар үшін бастапқы төленуі тиіс төлем тұрғын үй құнының 10%-ына дейін төмендетіледі. Жеңілдікпен несиелеу мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2% және 5% болады, — деді Атамқұлов.

Ол зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізілетінін айтты. Атап айтқанда, зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін кейіннен баспана сатып алу үшін Отбасы банкінндегі есеп-шотқа аударуға мүмкіндік беретін өзгеріс жайына тоқталды.

Оның айтуынша, МЖӘ мен үлестік құрылыстың әлеуетін белсенді қолдана отырып, құрылыс компанияларын қолдау үшін жобаны қаржыландыру механизмі енгізілетін болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті көлемінен асқан бір бөлігін Отбасы банкіндегі есеп-шотқа аударуға рұқсат беруді ұсынған болатын. Бұл ел азаматтарын қаражат жинауды және табысын ақылмен басқаруды әдетке айналдыруға мүмкіндік береді, — деді Президент.

Ұқсас ақпараттар

Теплица мала, но на отдачу щедра

admin_mugalzhar

«Ашық жүрек» жобасы аясында шағын гранттар конкурсы жарияланды

admin_mugalzhar

НАУРЫЗ — ЖАҢҒЫРУ НЫШАНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.