«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz ведомство сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлеріндегі ауа райы салыстырмалы түрде салқын болады және Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып басталады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.

Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С болады, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжанып отыр. Жаздың соңғы айындағы ауа райына күз мезгілі әсер етеді.

Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аязға дейін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.

massaget.kz

Ұқсас ақпараттар

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

admin_mugalzhar

НҰРБОЛАТ — БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда қант қоры үш айға жетеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.