«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАҒА ТӘРБИЕ — ЖАСТАН

Ащысайлық Нәбиевтер айрандай ұйыған, тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасылардың қатарынан. Үйдің отағасы Жасұлан Нәбиев Н.Крупская атындағы негізгі орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. Келіншегі Жанаргүл екеуінің Айшабибі, Томирис, Дана атты 3 қызғалдақтары бар.
— Ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңіліне қаяу түсірмей, құрметтеу керек. Және кез келген қиындыққа мойымауға үйренген дұрыс. Отбасымызда баланы жастайынан жақсылыққа, еңбексүйгіштікке баулуды басшылыққа аламыз. Мәселен, үлкен қызым аулаға өз қолымен гүл егіп, өзі суарып, өзі қарап, сол гүлді өзінің
ұстазына сыйға тартты. Бұл да бір отбасындағы тәрбиенің жемісі деп білемін, — дейді үйдің
отағасы Жасұлан Сейткерейұлы.

Ұқсас ақпараттар

Талғат ҚОЙШЕКЕНОВ: ЕЛ БОЛҒАН ЖЫЛДАРДА ЕЛЕУЛІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТЕГІ 22 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН АРДАҚТЫ ЖАН

admin_mugalzhar