«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖЕМ САМАЛЫ — 2021» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жем қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық «Жем самалы — 2021» ән байқауы өтті. Осымен 18-ші рет ұйымдастырылған байқауға қалалық және ауылдық округтерден барлығы 15 өнерпаз қатысты. Ән байқауының ашылу салтанатына қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шараның мақсаты — жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген құштарлығын арттыру, жас дарындарды анықтау.
Екі айналымнан тұрған ән байқауында қатысушылар патриоттық және еркін тақырыпта 2 әннен орындады.

Ән байқауының қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қандыағаштық Мерей Самұрат иеленді. І орынға Мұғалжар ауылдық округінен қатысқан Нұржан Әбжан ие болды. ІІ орындарды Қуанышбек Қайратұлы (Жем қаласы) мен Қанат Арғынбаев (Талдысай а.о.) иеленді. ІІІ орындарға Құмжарған ауылдық округінен қатысқан Самғат Кеңесов пен ембілік Жолдас Самен ие болды.

Байқауға қатысып, өз өнерлерн ортаға салған жеңімпаздар мен жүлдегерлер және барлық қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰБАНОВТАР ӘУЛЕТІ: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖАЛҒАСАДЫ

admin_mugalzhar

Более 10 тысяч дорожных знаков установят на казахстанских дорогах

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar