«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы марапат табыстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы әділ ойын (fair play) көрсеткені үшін ФИФА жүлдесіне ие болды.  Сонымен қатар, ФИФА әлем чемпионатының үздік ойыншыларына жеке марапаттар берді. Турнир қорытындысы бойынша, Португалия құрамасының көшбасшысы Рикардиньо «Алтын доп» алды. «Күміс доп» оның командадағы серіктесі Пани Варелаға, ал «Қола доп» Қазақстан құрамасындағы Дугласқа бұйырды.

Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі де жүлдеге ие болды, Тайнан «Қола бутса» алды. Әлем чемпионатында ол алты гол соқты. «Күміс бутса» бразилиялық Пани Варелаға бұйырды, оның қанжығасында сегіз гол бар. Ал турнирдің үздік сұрмергені және «Алтын бутса» иегері тоғыз гол соққан бразилиялық Феррао атанды.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орынға талас матчте Бразилияға 4:2 есебімен есе жіберді. Осыған қарамастан, төртінші орын да команда тарихындағы ең жақсы нәтиже. Ал чемпионатта португалиялықтар жеңді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАМАҒАТ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

admin_mugalzhar

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға шықты

admin_mugalzhar

ШАНСОВ ГРИППУ НЕДАДИМ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.