«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаштың бейнебаяны Аргентинада көрсетілді

Dimashnews.com сайты «La Era Dimash» радиосының бастамасымен Аргентинаның танымал фолк клубында Димаштың «S.O.S» әнін орындап тұрған видеосы көрсетілгенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аргентинадағы фолк клубтар ән мен биге құмар халықтың сүйікті орындарының бірі деуге болады. Онда көбінесе қалың көпшіліктің жүрегінн орын алған танымал халық әндері орындалады. Осынау музыкалық аураны көзбен көріп, жан-дүниесімен сезіну үшін туристер де фолк клубтарға жиі барады.

3 қазанда Сальта провинциясының фолк-клубындағы үлкен экранда Димаштың аты аңызға айналған «S.O.S» әнін орындаған сәті көрсетілді. «Оған құдайдың өзі батасын берген. Оны көбіңіз білесіздер. Білмесеңіздер, ол жер шарының келесі бір бұрышынан шыққан. Оның аты – Димаш, оның дауысы ктаңғажайып», — деп таныстырды шараның жүргізушісі қазақстандық әртісті. dimashnews.com-ның жазуынша, «S.O.S» бейне көрсетілімі «La Era Dimash» радио станцсасы ұйымдастырған арнайы тур аясында ұйымдастырылған.

«Турдың мақсаты – қазақстандық әртісті Аргентинаның түкпір-түкпіріне таныстыру, оның шығармашылығын одан да көп адамдар ашу», — деп жазады dimashnews.com.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

СМЕРТЕЛЬНОЕ ДТП С УЧАСТИЕМ КАРЕТЫ СКОРОЙ ПОМОЩИ

admin_mugalzhar

Кинотеатрлар 20 миллиард теңге жоғалтты — министр

admin_mugalzhar

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.