«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Аудан аумағында 18 мәдениет үй мен клуб бар. Бүгінде оның 9-ы көгілдір отынмен және орталықтандырылған жылу қазандықтарымен жылытылады. Ал қалған 9 мәдениет ошағына қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті отынмен қамтылған. Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина аудандағы мәдениет мекемелері жылыту маусымына толықтай дайын екенін жеткізді.

Талдысай, Ақкемер, Қайыңды ауылдық мәдениет үйлері мен Сағашилі ауылдық клубы табиғи газбен жылытылады. Ал аудандық мәдениет үйі мен Ембі қалалық мәдени орталығы және Жем қалалық мәдениет үйі орталықтандырылған жылу қазандығына қосылған.

Сонымен бірге Егіндібұлақ ауыл клубы жылуды ауыл мектебінің жылу қазандығы, Мұғалжар ауылдық клубы ауыл әкімшілігінің орталық жылу жүйесі арқылы алады. Аталған мектеп пен әкімшілік қатты отынмен жылытылады.

— Ащысай ауылдық мәдениет үйіне 231 тонна, Жұрын ауылдық мәдениет үйіне 200 тонна, Еңбек ауылдық клубына 7,2 тонна, Көтібар ауылдық клубына 7 тонна, Қаракөл ауылдық мәдениет үйіне 15 тонна, Жаңатұрмыс ауылдық клубына 10 тонна көмір жеткізілген. Ал Құмсай ауылдық клубына 25 тонна сұйық отын сатылып алынды, — деді бөлім басшысы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

64 ақтөбелік қаруды өз еркімен тапсырды

admin_mugalzhar

Қазақстанда темекі айтарлықтай қымбаттады

admin_mugalzhar

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.