«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет тарапынан елді мекендерді қолдауға бағытталған игі шаралар ауылдың дамуына үлкен ықпал етуде. Ажары кірген сондай ауылдардың бірі — Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылы.

Тұрғындардың әл — ауқатын арттырып, жайлы өмір сүруі үшін мұнда бар жағдай жасалып келеді. Былтырғы жылы Елекке көгілдір отын тартылса, оның алдыңғы жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесі қосылды. Жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Шериязданов ауыл тұрғындарымен өткен кездесуінде баяндады.

110 үйі, 610 тұрғыны бар Елек ауылының 1,1 шақырым болатын кіреберіс жолы мамыр айында мемлекеттік сараптамадан өтіп, жөнделуі жоспарлануда.

Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының саны артып, оқушылар қатары көбейіп жатса 66 оқушы білім алатын Елек негізгі мектебінің статусын орта мектепке ауыстыру жолдары да қарастырылуда.

Сондай — ақ Елек негізгі мектебінің жылу қазандығын газбен жылытуға ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін конкурс жарияланып, қорытындысы мамыр айында шығады.

Облыс әкімі О. Оразалиннің тапсырмасымасына сәйкес Елек ауылына арнайы облыстық мәслихат депутаттары келіп, ескі мектеп ғимаратымен танысты. Ескі мектеп ғимаратын кәсіпкер арқылы 50 орындық (2 топ) балабақша ашу үшін облыстық мәслихат депутаттары арқылы Ақтөбе облыстық білім басқармасына ұсыныс берілді. Болашақта бұрынғы осы мектептің ғимаратынан балабақша ашылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ЕСЕПШІНІҢ ЕҢБЕГІ ӘР САЛАДА МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ

admin_mugalzhar

Қырғызстанда президенттікке үміткерлер саны 20 адам дейін қысқарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.