«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Несиесін төлей алмаған қазақстандық не істей алады: Қаржы нарығын дамыту агенттігі түсіндірді

Елімізде 1 қазаннан бастап Банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет туралы заңдарға банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушының проблемалық берешегін бірыңғай құқықтық реттеу режимін енгізу бөлігіндегі түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі мәлім етті.

“Енді мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-жеке тұлғалар өз несиелерін немесе микроқарыздарын қайта құрылымдау мәселелерін құқықтық ая шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарауға міндеттелген кредиторлармен тікелей шеше алады. Қарыз алушылар мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде қарыздарды қайта құрылымдау үшін несиелік  ұйымға жазбаша өтінішпен немесе несие шартында көрсетілген басқа тәсілмен жүгінуі керек”, – дейді агенттік өкілдері.

Өтініште мерзімін өткізіп алудың немен байланысты болғанын көрсету, ықтимал қайта құрылымдаудың өз нұсқаларын ұсыну және кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін куәландыратын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Бұған қоса, қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және банк пен МҚҰ-ның қаралуы керек. Толық емес мәліметтер ұсынылған кезде қарыз алушы оларды қаржы ұйымынан хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

“Кредитор қарыз алушыдан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін өтінішті қарайды, бұл ретте қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайы (төлем жасауға қабілеттілігі), әлеуметтік жағдайы, кепілге салынған баспананың жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескереді”, – деп қосты агенттік өкілдері.

Кредитор өзінің жауабын күнтізбелік 15 күн ішінде:

  • қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қабылдай отырып, келісімін;
  • банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстарын;
  • себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тартуды ұсынуға тиіс.

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынған қайта құрылымдау талаптары мынадай түрде болуы мүмкін: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері), ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу немесе кепіл мүлкін кредиторға беру, сатып алушыға міндеттемені бере отырып, жылжымайтын мүлікті өткізу арқылы бас тарту төлемін беру.

Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Ұқсас ақпараттар

СӘКЕН АЛДАШБАЕВ: САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ЫРЫМ-ТЫЙЫМНЫҢ АРА-ЖІГІН АЖЫРАТА БІЛУ ҚАЖЕТ

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫЛША: 3065 БАЛА ЕКПЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕМЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.