«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН БОЛДЫРМАУ МАҢЫЗДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігіне байланысты жиналыс өтті.
Жиналысқа Ақтөбе облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдос Кульжанов, Ақтөбе облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Еркін Өтеген және қала-аудан аралық жолаушылар тасымалдайтын такси диспетчерлері қатысты.

Аудандағы халыққа қызмет көрсетіп отырған бір сала — такси қызметі. Соңғы уақытта қала-аудан аралық тас жолында жол көлік оқиғаларының күрт өсім алып, аяғы адам шығынына ұласып өзекті мәселе туындатып отыр. Жол көлік апаттарының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, жолдың қарсы жолағына шығу, жол ережелерін бұзу, автокөліктің талапқа сай болмауы.

Жиын барысында Ақтөбе облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдос Кульжанов жыл басынан бастап заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген автокөліктердің қатысуымен 7 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза болып, 39 адам дене жарақаттарын алғанын, жол ережелерін бұзғаны үшін 1000-нан астам құқықбұзушылық анықталғанын жеткізді.

Жиында қала-аудан аралық жолаушылар тасымалдайтын такси диспетчерлеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында такси жүргізушілеріне заң аясында жұмыс жасауды, жолаушылар тасымалдайтын жүргізушілерді медициналық тексеруден және көлігін техникалық байқаудан өткізу тәртібін қалыптастыруды, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жоспарын бекітуді, заңсыз такси жүргізушілеріне тосқауыл қоюды, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жолаушыларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында Қандыағаш қалалық әкімдігі мен аудандық полиция бөліміне профилактикалық жұмыстарды жандандырып, бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, такси жүргізушілерін жолда мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

admin_mugalzhar

Қазақстанның үш өңірі ғана «сары» аймақта

admin_mugalzhar

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.