«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орыны белгілі болды

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) футзалдан өткен әлем чемпионатынан кейін Еуропа құрамаларының жаңартылған рейтингісін жариялады. Рейтингке Қазақстан құрамы да енген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан төртінші орынды иеленген болатын. Бұл – құраманың ең үздік көрсеткіші. Жартылай финалда отандастырымыз чемпион атанған португалдықтарға пенальтиде ғана жол берген болатын.

УЕФА жариялаған рейтингте Қазақстан төртінші орынды иеленді. Тізім басында Португалия, Испания және Ресей тұр.

Ұқсас ақпараттар

МҰХАММЕДТІҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтты

admin_mugalzhar