«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ»

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында “Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру” атты әлеуметтік жоба шеңберінде орта білім беру ұйымдары арасында Республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті.

Байқау ағымдағы жылдың тамыз айының 18 жұлдызында бастау алды. Байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан білім беру ұйымдары қатысты. Аталмыш байқауға Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты Қандыағаш қалалық №3 МГ және Сағашилі ЖББОМ өтінім берді.

Байқау қорытындысы бойынша Сағашилі ЖББ орта мектебі 138 мектеп ішінен 1261 балл жинап, 5 орын алып, «Жаңашыл ұжым» номинациясымен және КММ арнайы дипломымен, 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

А.НҰРҒАЛИ

Ұқсас ақпараттар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ – ТАЗАЛАНҒАН ЖЕРДЕ ЕМЕС, ТАЗАЛЫҚ САҚТАЛҒАН ЖЕРДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

admin_mugalzhar