«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ АЙТЫСКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Елдігімді, ерлігімді жырлаймын!» атты облыстық ақындар айтысы өтуде. Айтыс алдында ақындарды аудан әкімі Асқар Шериязданов арнайы қабылдап, ыстық ықыласын білдіріп, сәттілік тіледі. Айтысты Жүрсін Ерман мектебінің түлегі, республикаға белгілі айтыскер ақын Марат Ахметов жүргізеді. Облыстың түпкір-түпкірінен жиналған ақындардың додалы айтысына облысқа белгілі сазгер Орал Байсеңгір, журналист Сәтжан Дәрібай, Мәдениет қайраткері Гүлзира Әбілова қазылық етеді.⠀

Ұқсас ақпараттар

«Nur Otan» белсенділері марапатталды

admin_mugalzhar

Қатыгез ұрпақ қайдан шықты?

admin_mugalzhar

Атырау облысында Жайық өзенінен екі адамның денесі табылды

admin_mugalzhar