«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘУСАРҒА КӨМЕК ҚАЖЕТ

2 жасқа енді толғалы отырған мұғалжарлық кішкентай Кәусар бүгінде көмекке мұқтаж. Туа сала тағдыр талқысына түсіп, оң қолы қарайып туылған Кәусардың қолын дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болған. Ол туа бітті жоғарғы қол артерияларының эмболиясы және тромбозы сырқатына шалдыққан.

Анасы Камшат Иманғалиеваның 2019 жылы желтоқсан айында алтыншы сәбиін дүниеге әкелгендегі аналық қуанышы бір сәтте су сепкендей басылды. Баланың қолының басына қан бармай, қарайып туғанын көрген дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызған. Алайда қажетті көмек кеш көрсетіліпті.

— Кәусар дүниеге келгенде, жаңа жылдық мереке қарсаңы болатын. Дәрігерлер демалыста болды. Сөйтіп уақыт өткізіп алдық. Бірнеше күннің ішінде қолының басындағы қарайған жер шынтақтан асып кетті. Дәрігерлер кесуден басқа ем-шараның жоқтығын айтты. Ол кездегі жағдайымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ болашақ үшін мықты болып, дұрыс шешім қабылдау керектігін түсіндім. Баламды аман алып қалу үшін ота жасатуға рұқсатымды бердім. Бүгінгідей медицинаның дамыған шағында қызымның жасанды болса да қолының болғанын, қасық ұстағанын қалаймын. Сол себепті қайырымды жандардан көмек сұраймын, — дейді Кәусардың анасы.

Бүлдіршіннің бұл ауруға шалдығуының себебін ақ халаттылар жүктіліктің соңғы айларында қан қысымының шамадан тыс көп болуымен түсіндірген. Ата-анасы бүгінде Кәусарға жасанды қол жасатқысы келеді.

Қазақстан бойынша жасанды қол (протез) екі қалада, Алматы және Шымкет қалаларында жасалады. Протездің құны арзан тұрмайды, 1,5 млн теңгеден асып жығылады. Әрине, бұл қаржыны қарапайым адамның қалтасы көтере алмайтыны түсінікті. Осыған орай, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің мамандары квота арқылы протез үшін мемлекет тарапынан белгіленген шекті қаржыны протез жасайтын орталыққа тікелей аударатынын айтты. Жетпес қалған қаржының да мөлшері аз емес. Амалы таусылған көп балалы ана енді Мұғалжар өңірінің қайырымды жандарынан көмек күтеді.

Жаны жомарт, жүрегі мейірімділікке толы қайырымды жандар үшін Кәусардың әкесі Алтынбектің атына ашылған — Каспий голд нөмірі:

Есбусинов Алтынбек Зинуллаевич

KZ08722C000054167820

Тел:+77776616107

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Мұғалжар ауданы бойынша еріктілер қатарына 280 жас қосылды

admin_mugalzhar

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

СУРЕТТІ «СӨЙЛЕТКЕН» САМАТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.