«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пайыздық мөлшерлемесі 5%-ке дейін: Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама енгізілмек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Отбасы банкте» мұндай азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын қарастырған жөн. Бастапқы жарна – 10%, сыйақы мөлшерлемесі – 2-ден 5%-ке дейін. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, аталған бастаманы жан-жақты пысықтауы қажет», – деді ҚР Президенті Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Президент мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшетін адамдарға жеке бөлім арнау керек деп санайды.

«Бұл азаматтарды перспективасы бар, дамыған, мамандарға мұқтаж қалаларға өз еркімен қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқалалар тұрғындарының көбі білікті, сұранысқа ие жұмысшы және инженерлік мамандықтарда тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз», — деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ел ішінде де, моноқалалар ішінде де көші-қон процесін бақылауға алу өте маңызды. «Жекелеген моноқалалардың әлеуеті толық сарқылғанын күтіп, тек содан кейін ғана халықты қоныстандыру мәселесімен айналысуға болмайды», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

МАЛ ШЫҒЫНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

admin_mugalzhar

56 млн теңгеден астам айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.