«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰРИСЛАМ САНАЕВ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жапония мемлекетінің астанасы Токио қаласында өткен ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрислам Санаев Қандыағаш қаласында болды.⠀
Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған Нұрислам Санаев Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен және мектеп оқушыларымен кездесті.⠀

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне спорттық мансабындағы басты бәсекеден алған әсерімен бөлісіп, үлкен жарыстарда жеңіске жету тәжірибиесімен бөлісті.⠀
Нұрислам Санаев еркін күрестен Қазақстан командасының әлеуетін жоғары бағалап, өзіне жанкүйер болған барша қауымға алғысын білдірді. ⠀
Кездесу соңында спорт мектебінің директоры Жеңіс Жартыбаев Нұрислам Санаевқа мектеп атынан естелік сыйлық тарту етті. ⠀
Сондай-ақ Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ембі, Жем қалаларында да болып, жастармен кездесу өткізді.

Ұқсас ақпараттар

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

admin_mugalzhar

Мәжіліс депутаттары Мұғалжарда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.