«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда демалыс күндері қар жауып, көктайғақ болады

2020 жылғы 03-05 қазанға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі. 

«Жексенбі күні солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басталуымен Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады», — деп мәлімдеді Қазгидромет. 

Кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп төмедеп, бұрқасын болуы ықтилмал.

«Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста — көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі», — деп болжады синоптиктер. 

Ұқсас ақпараттар

Елде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ОПМ «МИГРАНТ»: 17 НЕЛЕГАЛОВ ВЫДВОРИЛИ ЗА НЕДЕЛЮ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.