«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚОЛДАЙДЫ

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің тапсырмасына сәйкес «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форумы Ембі қалалық әкімдігінде жалғасты.

Форум барысында аудан әкімі Асқар Шериязданов Мұғалжар ауданында қоғамдық көмекшілермен бірлесе апта сайын рейдтік, патрульдік шаралар жүргізіліп жатқандығын айтты. Жалпы құқық бұзушылықтың алдын алуға 80-ге жуық азаматтар учаскелік инспекторлармен бірге рейдтік шараларға қатысқанын және олардың қатысумен 8 құқық бұзушылықтар анықталғанын жеткізді.

Сонымен қатар қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған өздерінің көзқарастарын Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдос Кульжанов, аудан прокуроры Сәнібек Тілеулесов, Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мұратбек Байсакалов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Самат Абдиров айтып, нақты ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ тамыз айында бірлесіп жасалған кешенді жоспар негізінде атқарылған жұмыстардың есептері тыңдалып, жастардың арасында қылмысты болдырмау мақсатында қоғаммен мемлекет болып жұмылып атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланды.

Форум соңында аудандағы қоғамдық көмекшілермен бірлесе рейдтік, патрульдік шараларға қызметкерлерін уақытылы шығарып, қолдау көрсеткен кәсіпорындар мен белсенділік танытқан еріктілерге «Үздік кәсіпорын» және «Үздік қоғамдық көмекші» номинациялары табысталды. Марапатталған үздік мекемелер қатарынан Қандыағаш пайдалану локомотив депосы, Қандыағаш пайдалану вагон депосы, Жем пайдалану локомотив депосы, Жем стансасы, «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС-і, аудандық жастар ресурстық орталығы көрінді.

Ұқсас ақпараттар

Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды

admin_mugalzhar

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезі өтеді

admin_mugalzhar

QazCovid-in вакцинасының бірінші партиясы сәуірде шығады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.