«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Енді Қазақстанда бизнес үшін жеке шот ашу керек: Мобильді аударымдар заңмен реттеледі

ҚР Парламент сенаты кәсіпкерлерді мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндеттейтін заңды қабылдады. Енді президент қол қойса болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлер мобильді аударымдарды бүкіл жерде пайдалана бастады. Алайда ол тек жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған.

Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында «мобильді төлемдер» түсінігі енгізілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнеске арнап жеке шот ашуға міндеттеледі. Клиенттер де алған тауардың немесе көрсетілген қызмет ақысын төлегенде, ақшаны осы шотқа аударады. Банктер қажетті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді.

Бұдан бөлек, заңға сәйкес, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады.

Ұқсас ақпараттар

ВАШИ ПОДВИГИ В ПЕСНЯХ ВОСПЕТЫ

admin_mugalzhar

ШЕТ ТІЛІНДЕ САЙРАСАҢ – ШЕТЕЛГЕ БАРАСЫҢ!

admin_mugalzhar

Как открыть счет для добровольных пенсионных взносов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.