«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай аудан тұрғындары арасында кезекті «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізді.

Мұғалжар аудандық пробация бөлімі және жұмыс берушілер қатысқан жәрмеңкеде жұмыссыз мұғалжарлықтарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы түсіндіріліп, 32 мекемеде бос тұрған 116 жұмыс орындары таныстырылды. Жәрмеңкеге қатысқан 91 адамның 30-ы тұрақты және уақытша жұмыспен қамтудың шараларына тартылды. Жұмысқа қабылдау барысында аз қамтылған, көп балалы отбасы мүшелеріне, борышкерлер мен соттылығы бар азаматтарға басымдылық берілді. Сонымен қатар барлық жиынға қатысқан аудан тұрғындары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында және құқықтық, кәсіпкерлік салалары бойынша кеңес алды.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

admin_mugalzhar

29 қазан — Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 447 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

admin_mugalzhar